Мүлтіксіз әріптестік мүмкіндігі

Бүгінгі таңда экономика мен қоғамдық өмірдің жекелеген салаларында істі ілгері жылжытудың табысты формаларының бірі мемлекет-жекеменшік әріптестігі (МЖӘ) болып табылады. Мемлекеттің қолында жер және билік бар. Салық мәселесінде қолайлы жеңілдіктер жасай алады. Ал жекеменшіктің қолында қаржы бар. Әрі шаруашылық жүргізуде мемлекетке қарағанда, әлдеқайда жылдам және икемді. Міне, осы екі мүмкіндіктің басын қосу арқылы тау қопаруға болады. 

Егемен Қазақстан
16.11.2017 8223

Әлемнің көптеген ел­дер­інде мемлекет пен жеке­меншік әріптестігі табыс­ты жүріп жатыр. Көптеген дамыған елдерде бұл іс ұзақ жылдардан бері өріс алып келе жатса, біздің елде қолға алынғанына көп бола қойған жоқ. Тәжірибеміз аздау. Бірақ соған қарамастан, елі­мізде де жекелеген жағымды мысалдарды көп­теп келтіруге болады. Мәсе­лен, мектеп жасына дейінгі жеткіншектерді балабақ­шамен қамтуда бұл істің берген пайдасы көп болды. Қазір мемлекет пен жекеменшіктің тізе қосып бірігуімен ұйымдас­ты­рылған мектепке дейінгі мекемелерді әр қаладан көптеп кездестіруге болады.

Бюджеттің қаржысын үнемдеу, кәсіпкерлікті жетілдіру үшін маңызы зор әлеуметтік жобаларға жеке бизнесті тарту қажеттігін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сөй­леген сөздерінде, өңірлерге сапар­лары кезіндегі жүздесулерінде үне­мі айтып келеді. «Жекеменшік ин­вес­тицияларды тарту жөнінен мем­лекет-жекеменшік әріптестігі тетігі орасан зор әлеуетке ие болып отыр. Біз Қазақстанда бұл тетікті іске қостық, бірақ ол озық әлемдік практикаға сәйкес жетілдіруді талап етеді», деген болатын Мемлекет бас­шысы 2010 жылы «Жаңа он­жыл­дық, жаңа экономикалық өрлеу, Қа­зақстанның жаңа мүм­кін­дігі» атты Қазақстан халқы­на Жол­дауында. 

Елбасы Жолдауын жүзеге асы­ру мақсатында 2011 жылы Қазақ­стан Рес­­пуб­­ликасында мем­ле­кет-же­ке­мен­шік әріп­тестігін да­мыту жөнін­дегі бағдарлама қа­был­данып, осы істің қанат жаюына негіз қаланды. 

Сондай-ақ осы мәселені реттеу те­тіктері Азаматтық кодекс, «Же­ке­­ше­лендіру туралы», «Акцио­нер­лік қоғам­дар туралы» және «Мем­лекеттік сатып алулар туралы» заңдарда көрі­ніс тапты. Қазақ­стандағы мем­лекет-жеке­мен­шік әріп­тестігін реттей­тін негізгі заңдардың бірі ретінде «Кон­цес­сиялар туралы» заң да қабыл­данды.

«Концессия» термині қолда­ныл­ған алғашқы келісімшарт бой­ынша Қа­зақстанның газ тасы­малдау жүйе­сіндегі «Интергаз Орталық Азия» АҚ, сондай-ақ Шүлбі, Өскемен жә­не Бұқтырма қа­лалық электр стан­са­лары кон­ц­ес­сияға берілді. Кейін­нен көлік инфрақұрылымы мен энер­­­гетика салаларындағы «Шар – Өс­кемен» темір жол желісі және «Сол­­түстік Қа­зақ­стан – Ақтөбе облысы» электр тара­ту желілері құры­лыс­тары концес­сиялық негізде салынды. 

Ал енді мемлекет-жекеменшік әріп­тестігінің қазіргі жағдайына кел­сек, бүгінгі күні жалпы сома­сы 139,5 млрд теңгенің 166 келі­сім­шарты жасалыпты. Тек би­ыл­дың өзінде 70 млрд теңгенің 88 шартына қол қойылыпты. 

Осындай келісімшарттар бо­йынша Өскемен, Семей, Шым­кент қалаларында, Қостанай об­лысындағы Заречное және Затобол кент­терінде, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Манкент, Қарасу және Ақбиік ауыл­дарында және басқа да өңірлерде 45 білім беру, 27 денсаулық сақтау, 17 мә­де­ниет және спорт нысан­дары са­лын­бақ. Сондай-ақ Петро­па­вл қаласында теннис орта­лы­ғын, Ақтөбе қаласында мұз са­рай­ын, денешынықтыру-сау­ық­тыру кешендерін, Алматы об­лы­сында 7 сервистік дайын­дау ор­т­а­лығын, Ақтөбе, Теміртау, Қарағанды, Жезқазған және Балқаш қалаларындағы 5 офталь­мо­логиялық мекеме, Ақтау, Ақтөбе, Лисаков және Павлодар қала­ларында 4 тұр­мыстық нысан, Қарағанды, Қызыл­орда және Шымкент қалаларында 3 емхана, Атырау және Екібастұз қа­ла­­ларында көшелерді жарық­тан­ды­рудың 2 жобасын, Астана қала­­сын­да 1 бейнебақылау жүйе­сін, Ақ­төбе қаласында 1 жедел ме­ди­ци­­налық көмек стансасын жә­не Ал­маты қа­ласында 1 қоғам­дық көлікті дис­петчерлеу меке­ме­сін салу көзделуде.

Бұл деректердің сыртында, мемлекеттік органдардың есеп­теріне сәйкес, жалпы сомасы 1,8 трлн теңгені құрайтын 547 жоба әртүрлі дайындық сатыларында қарастырылу үстінде. Респуб­ли­ка­лық деңгейде шамамен 1 трлн теңгенің 18 жобасы, ал жергілікті деңгейде 800 млрд теңгенің 529 өңір­лік жобасы пысықталуда.

Сөйтіп «көш жүре түзеледі» де­гендей, елімізде мемлекет-же­кеменшік әріптестігі жыл өткен сайын қалыпқа түсіп, дамып келеді. Оның жаңа түр­лері де пайда болуда. Әри­не әріптестіктің бұл түрі заман­ға сай дамып, әлеу­меттік-эко­но­микалық өмірді кеңінен қам­­туы үшін мемлекеттік органдар тарапынан тынымсыз ізденістер, тың тәсілдер мен жаңа­лық­тарға жол ашып, кез­дескен кедергілерді жойып отыру қажет. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар да жоқ емес. Мәселен, биылғы тамыз айында Үкімет Парламент қарау­ына мемлекет-жекеменшік әріп­­т­естігі тетіктерін одан әрі жетіл­діру мен жеңілдету жө­ніндегі заң жобасын ұсынды. Пар­ламент Мәжілісі аталған заң жобасын ма­құлдады және қазіргі таңда ол Парламент Сенатының қарауына жіберілген. 

Заң жобасы бірқатар әзірлеу кезеңдерін алып тастау арқылы рә­сімдерді оңтайландырып, жоба­лар­ды бекітуге бағытталған. Бұл МЖӘ жобаларының бекіту және сараптамалар мерзімдерін қа­­­зіргі жеті айдан үш айға дей­ін қысқартуға мүмкіндік бе­реді. Бұ­­дан өзге, заң жобасын­да тұтыну ке­­­піл­дігін үш және одан да көбірек жы­л­ға беру қа­­­растырылған. Ол ин­­вес­­тор­­­­­­ларға көп жылдық ка­пи­­­­тал жұмсалымын жоспарлай алу­­­­­­ла­рына мүмкіндік береді.

Келісімшарттарды әзірлеу бой­ын­ша бұрын әзірленген 10 үл­­гілік жобаға жаңадан төрт қо­сым­ша үлгі әзірленді. Олар авто­мобиль жолдарына сервистік қыз­мет көрсету, медициналық жаб­дықтар лизингі, емхананы сенімгерлікпен басқару, мектептерге сервистік қызмет көр­сету мәселелерін қамтиды. Ен­ді өңірлер бұл құжаттарды үлгі ре­тін­де пайдалана алады. Ал бұл өз кезегінде конкурстық құ­жат­тама мен шарттарды әзір­леу мер­зімін оң­тай­ландыруға мүм­кіндік береді.

Мұның сыртында бағдарла­малық МЖӘ енгізу жұмыстары басталды. Қазір салалық мемле­кеттік органдар мемлекеттік бағ­­дар­ламалар арқылы өздері­нің стан­дартталған МЖӘ жобаларын ерекше жоспарлау рәсімдерін салалық ерекше­лік­терді ескере отырып жүзеге асыра алады. Аталған тетік жал­пыға белгіленген тәртіп болып табылатындықтан, ендігі кезекте оларды сараптамадан өт­кізудің қа­­жеті жоқ. Бұл жоспарлау­ды қыс­­қа мерзімде белгілеуге мүм­кін­­дік береді.

Биыл мамыр айында инвес­тор­­ларға арналған МЖӘ жо­ба­ларының бірыңғай базасы іс­ке қосылды, ол республика бойынша сәтті іске асы­рыл­­ған жобалардың тәжіри­бе­­сін тираждауға мүмкіндік бе­реді. Осы жылы қол қойылған ке­лі­сім­шарттар бойынша елеу­лі іл­герілеу байқалуда. Со­ны­мен қа­тар МЖӘ нарығын одан әрі жан­дандыру және «Бағ­дар­ла­малық МЖӘ-ні» іске асыру үшін жобаларды сынақтан өт­кізудің қанатқақты салаларын әзір­леу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жуырда Үкіметте мемлекет-же­ке­меншік әріптес­тігін дамыту мә­­селесі тағы да пысық­та­лып, ар­­­тынша журналистермен бас­па­сөз мәслихаты өткізілді.Жур­­­­­­­­­налистер сұрақтарына жау­ап берген Ұлттық экономи­ка ми­ни­­с­­тр­лігіне қарасты «Қазақ­стан­дық мемлекет-жекеменшік әрі­п­тес­­­­тігі орталығы» АҚ бас­қар­ма тө­­ра­ғасының орынба­сары Талғат Ма­таев мемлекетке де, кәсіп­кер­лер­­ге де тиім­ді болып отыр­ған іс­ті одан әрі ілгерілету үшін оның заң ая­сын­дағы те­тік­терін әлі де же­­­тіл­діре түсу қа­жет­тігін атап көр­­­­сетті. «Мысалы, ме­ди­цина са­­ла­сында Ақтөбе облы­сын­да ірі офтальмологиялық орта­лық пен жедел жәрдем стансасы са­лынады. Әр жобаның құны 4-5 млрд теңге көлемінде. Бұл – отан­дық кәсіпкерлердің мем­ле­­­кетке деген көмегі. Ал мем­ле­­кет кә­сіпкерлерге көмек ре­тін­­де қаржыны бірден бөлмей, жыл сайын олардың шығынын ке­лі­­сім­шартта көрсетіл­ген мер­зім ішін­де инвестиция ретін­де қай­та­рады. Заңда қайтару мер­зі­мі 3 жыл­дан 30 жылға дейін деп көр­се­тілген. Жобаға бай­ла­ныс­ты оны жү­зеге асыру мер­зімі де әртүрлі. Келісімшартта көрсе­тіл­­ген уақыт ішінде мемлекет сол қа­р­жыны қайтарады әрі инфляция жағдайы да ескеріледі» дейді, Т.Матаев. 

Қазақстандық мемлекет-же­ке­­­мен­шік әріптестігіне шет­ел­дік ин­вес­торларды тарту мәселесі де назардан тыс қал­маған. Бүгінде чехиялық ком­пания Ақтөбе қала­сында Мұз сарайын салып жатса, түр­киялық кәсіпкерлер Шым­кентте және Ақтөбе облысында же­дел жәрдем стансасының қабыр­ға­сын қалауға кірісіпті.

Міне, осылайша мемлекет-же­ке­меншік әріптестігі жыл өт­кен сайын екпін алып, дамып ке­леді. Еліміздің әлеуметтік-эко­но­­мика­лық жағдайын жақ­сар­туға бұл істің беретін пайдасы мол болады деген сенімдеміз. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

14.12.2017

Қостанайдың Жітіқара ауданында заманауи астық сақтау  қоймасы ашылды

14.12.2017

Ақмола облысында Біржан сал ауданы пайда болды

14.12.2017

Студенттер «ақылды үйде» тұрады

14.12.2017

Болашақ журналистер «Егемен Қазақстанда» қонақта болды

14.12.2017

Келіншектің баласы (баллада)

14.12.2017

Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының отырысы өтті

14.12.2017

Қостанай облысында шалғай ауылға су құбыры тартылды

14.12.2017

«Алаш жолы» атты кітап жарық көрді

14.12.2017

Қостанай облысында екі бірдей елді мекенге көгілдір отын келді

14.12.2017

Тәуелсіздікке тарту: Созақта жаңа 6 нысан пайдалануға берілді

14.12.2017

Сенат комитеті Кеден кодексінің жобасын қарады

14.12.2017

Халифа Алтайдың жары өмірден өтті

14.12.2017

Меморандум мақсатына жете алмады

14.12.2017

Тележурналист, майталман дубляжшы, режиссер Әсемғазы Қапанұлы қайтыс болды

14.12.2017

Валерий Карпин Павлодарға келді

14.12.2017

Ақтау халықаралық әуежайы 1 миллионыншы жолаушыға қызмет көрсетті

14.12.2017

Түпқараған ауданының ахуалы айтылды

14.12.2017

Марат бастамашы болған марафон

14.12.2017

«Қансонар» қанат жайып келеді

14.12.2017

Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы талқыланды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Әділеттің ақ жолынан Трампша аттау

Жуырда АҚШ президенті Дональд Трамп Иерусалимді Израильдің ас­та­на­сы дегенді мойындап, АҚШ ел­шілігінің Тель-Авивтен сол қалаға кө­шірілетінін мәлімдеді. Үстіміздегі жылдың маусым айында ғана елші­лікті көшіруді кейінге қалдырған Трамп­тың бұл шешімі қандай да бір қы­сы­мның күштілігінен екені көрініп тұр.   

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Дарын мен қарым

Дарын – тағдырдың сыйы. Ұстай алсаң құстай ұшасың, ұстай алмасаң мұрттай ұшасың. Ұстай алғанның қарымы зор. Бағы биік. Затына қарай аты, еңбегіне қарай өнбегі телегей теңіз. Ұстай алмағанның ұсқыны кірмейді. Қадамы ілгері жүрмейді. Қанша жетектегенмен, қамқорлық көрсеткен кері кетіп, күндердің күнінде күлкіге айналып, көлденең «кермеге» ұрына береді. Мұны өмір сабағына көз жібергенде көріп-біліп отырмыз.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Абыздар мен Алыптар

Кезінде қазақ әдебиетінің классик ақсақалы Ғабит Мүсіреповтің «Социалистік Қазақстан» газетінде шыққан «Дәстүр және жаңашылдық» деген мақаласы жан сарайын өзі айтатын есрафіл самалындай желпіп, зиялы қауым мен жазушы жамағатқа кеңестік тымырсықтың көбесін сөккен сәуледей әсер етіп еді. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Елуден кейінгі өмір

Қазіргі қоғамымызда қызықты өзгерістер жүріп жатыр. Соның бір­азы адам жасына да қатысты.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Билер соты

Ұлы Дала өркениеті тарихында Билер сотының құқықтық, саяси-әлеуметтік, тарихи-мәдени, рухани-дүниетанымдық, ұлттық-халықтық, философиялық құн­дылықтары айрықша. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу