16 Қараша, 2017

Күйгелектік қадірді кетіреді

494 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

«Қоғамда болып жатқан терең өзгерістерге байланысты біздің тарихқа қайтадан үңіліп, сол кездерден бүгінгі күннің проблемаларынан шығудың жолын іздеп, болашаққа сабақ алуымыз керек», деген еді Президент Н.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» кітабында. Тарихтан сабақ алу – қай заманда болса да күшін жоймайтын, ескірмейтін маңызды мәселе. 

 

 

 

G

M

T

 

 

Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский

 

АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Звуковая функция ограничена 200 символами

 

 

Настройки : История : Обратная связь : DonateЗакрыть

Күйгелектік қадірді кетіреді

Әсіресе саяси қайраткерлер үшін оның мәні зор. Ел басында тұрған адам­ның әрбір сөзі, әрбір қадамы, халық­қа айнадай көрініп тұрады. Жалғыз өз елі ғана емес көрші мемлекеттер де ел басында тұрған адамның өздеріне қар­сы айтылып қалған лепестері болса, ең жеңілі қарсылық нотасын тапсыра­ды. Кейде тіпті достық, әріптестік қа­рым-қатынастарды үзуге дейін барады. Сондықтан елдің көшбасшысы өз жү­­ре­гінде қайсыбір адамға, қайсыбір өңір­дің тұрғындарына, көршілес елге деген түйткілі болса да көңіліндегі сөзін айта бермей, халықтың ұғымына қайшы келмейтін, намысына тимейтін лебізбен ғана үн қатуға мәжбүр. Ал керісінше бол­са, халықтың, көршілес елдің на­ра­зылығына тап болады. Ондайдың мы­салын жуырда ғана Қырғызстан президенті А.Атамбаев тарапынан көр­дік. 

Әлқиссаны Атамбаевтан емес, әрірек бастасақ... Мұндай ұрыншақтықтың көкесін КСРО-ны 10 жыл басқарған, төрт сыныптық білімі болған Н.Хрущев көр­сеткен еді. Дипломатиялық этикет де­геннен жұрдай ол КСРО-ның әскери қуатына сеніп, аузына келгенін айта бе­ретін. 1960 жылдың қазанында Нью-Йоркке, БҰҰ Бас Ассамблеясының ке­зекті сессиясына Кеңес делегациясын бастап барғанда «африкалықтармен қа­тар КСРО езгісіндегі Азия халық­та­ры­на да бостандық берілсін» деген сөзі үшін Филиппин президентінің сөзін бөліп, мінберге баса көктеп шығып, оны «Америка имперализмінің малайы» деп ар-намысына тиетін сөздер айтқан. Одан әрі «Біз Америка имперализмін жерлейміз» дегені, БҰҰ сессиясында отырып, қарсылық ретінде аяқ киімін ше­шіп алып, үстелді ұрғаны да бар. Бұл қы­лықтарымен Хрущев ешнәрсе өзгерте ал­ған жоқ, тек КСРО-ны ұятқа қал­ды­рып, өзін мәдениетсіз, ешкімді сыйлай білмейтін, тәрбиесіз басшы екенін ғана көрсетті. 

1964 жылғы КОКП пленумында оның әбес қылықтарынан әбден зәрезап бол­ған үзеңгілестері орнынан алуға мәж­бүр болды. Н.Хрущевті айыптаған фактілердің бірі қазақ халқымен байланысты. Айыптау баяндамасын оқыған КОКП Орталық комитетінің хатшысы А.Сусловтың сөзіне қарағанда, Хрущев Жапонияның парламенттік делегациясын қабылдағанда Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр ауданында тұратын қазақтар қа­ласа референдум өткізіп, өзімізге қо­сып аламыз деп соғыпты. «Біз осы сөз­дерді өзіміздегі типографиялық тері­лімнен соңғы сәтте алып үлгердік, бірақ Жапония жағы жариялап, Қытайдың өре түрегелген қарсылығына тап болдық», деген еді Суслов. КСРО мен Қытай Ха­лық Республикасының ара­сын­да­ғы көп жылдық кикілжіңнің орнауы­на себеп болған жайттың бірі осы сөз екен. Со­нымен бірге Хрущев бір­де Мао Цзедунды «ескі қалөш» деге­ні де қы­тай­лықтардың ашу-ызасын ту­дыр­ған... 

Ал ХХІ ғасырда Қырғызстан мем­ле­кетінің басшылығына келген жоға­ры білімді Алмазбек Атамбаевтың да кейбір қылықтары Хрущевтікінен кем болмай қалды. Қазақстан туралы айтқан әбестеу сөздері бір төбе болғанда оның 16 қазанда президенттікке кандидат болған өздерінің жерлестерін қолдау митингісіне шыққан Талас халқын «Әбіке-Көбөштің ұрпақтары», «референдум өткізіп, Қазақстанға қосылса да мейлі», «жерлесіміз деп мақтанса да Ш.Айтматовтың күмбезін тұрғызуға бір тиын да жинап бере алмады» және Манас эпосынан алған «Талас ел емес» деген сөздері барлық халықтың ашу-ызасын туғызды. 

Талас Қырғызстанның біздің Жам­был облысымен шектесетін өлкесі, Ма­нас­тың туған өңірі, бергі тарихтағы ұлы қырғыз Шыңғыс Айтматовтың туған жері. Әсіресе «Манас ұрпағымыз» деп жүрген осы өңірдің халқын Атамбаевтың «Әбікенің ұрпақтары» дегені қатты ширатты. Өйткені «Манас эпосына» қарағанда, Әбіке інісі Көбөш екеуі батырға сатқындық жасаған. Манас шоң жорыққа аттанғанда екеуі де ермей «Дөбеге чыгып дардактап, Эми Манас өлдү деп, Эгем бизге берди деп, Барса келбес Бээжинден Манас кайдан келсин деп, Дөбөгө чыгып дардактап, Элди көздөп бакырып, Абыке, Көбөш эки арам Көбөштөп ураан чакырып, Кутуруп булар калыптыр», дейді Саяқбай Қаралаевтың нұсқасында. Енді елдің президенті өздерін сол сатқынның ұрпағы десе таластықтар қайтып тұра алсын. Талас қаласында үлкен митингіге жиналып, Атамбаев бізден кешірім сұрасын деп талап етті. Кейбір талапкерлер «Қазақстаннан да кешірім сұрасын» дегенді айтуда. Атамбаевтың қызметтен кететіндігі ескерілген болу керек, әйтеуір дағдарыс Бішкекке жетпей тоқтады. 


Жақсыбай САМРАТ,
«Егемен Қазақстан»