04 Қараша, 2011

Көмегі көп көрме

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2-4 қарашада елордада тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен «Ақбұлақ» бағдарламаларының негізгі міндеттерін іске асыруға арналған «ТКШ-ЭКСПО-2011» халықаралық форумы болып өтті. Оның ашылу салтанатына Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төрағасы Серік Нокин, сонымен қатар Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары қатысты. Аталған мәндегі басқосу осы­мен екінші рет өткізіліп отыр. Оның жұмысына 360-тан астам заңды тұлғаның 500-ге тарта өкі­лі келіп, көрмеге қатысушылар саны өткен жылмен салыстыр­ған­да екі есеге ұлғайған. Халықаралық жиын аясында 86 экспонат қатысатын «ТКШ-Экспо-2011» V халықаралық көр­месі өтіп, тұрғын үй қа­ты­нас­та­рын­да және ком­муналдық шаруа­шылықта жаңа тәсілдерді қол­да­ну арқылы тұрғын үй-ком­му­нал­дық саланы жаңғырту та­қы­­ры­бында пікіралмасулар бол­ды. Сон­­дай-ақ тұрғын үй-комму­нал­дық шаруашылықтың тиімділігін арттыруға және энергия ре­сурс­тарын үнемдеуге арналған ин­но­вациялық технологияларды қол­да­ну мен жаңартылатын энер­гия көздерін қолдану, тұрғын үй-ком­муналдық шаруашылығы үшін кадрлар даярлау төңірегінде қоз­ғалған әңгімелер де өзектілігімен ерекшеленді.  «Егемен-ақпарат».