Қазақстан • 16 Қараша, 2017

Мемлекеттік активтер тиімсіз пайдаланылған

732 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитетіне бөлінген республикалық бюджет қаражатының және квазимемлекеттік сектор активтерінің пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары шығарылды.

Мемлекеттік активтер тиімсіз пайдаланылған

Есеп комитетінің бағалауы бойынша Аэроғарыш комитетінің ғарыш қызметі саласындағы мем­лекеттік сая­сатты іске асыру кезінде бюджет қа­ра­жаты мен мемлекет активтерін пай­­далану тиім­ді­лігі жеткіліксіз.

Атап айтқанда, ғарыш инфра­құ­рылымы объектілерін құруға, пайда­ла­ну мен жетілдіруге жұмсалатын шы­­ғындар нормативтері әзір­лен­бе­ген. 

Ресей тарапынан қабылданған «Байқоңыр» кешенінің 109 объекті­сін пай­далану перспективалары мен тең­герім ұстаушысы айқындалмаған, 2009-2017 жылдар аралығында оларды қор­ғауға жұмсалған шығын 742,0 млн теңгені құрады.

Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық да­­му жос­па­рында көзделген Астана қа­­­ласын­да­ғы Ғарыш аппараттарын құ­­растыру-сы­нау кешенінің құры­лы­сын 2015 жылы аяқ­тау қамтамасыз етілмеген.

2017 жылы Аэроғарыш комитеті мем­лекеттік органдар мен ұйым­дар­ға ғарыш түсірілімдерін беру қыз­мет­те­рін көрсетуге «Қазақстан Ғарыш Са­­­пары» ҰК» АҚ-пен жасалған шарт­тың сомасын негізсіз ұлғайту бө­лі­гінде жалпы сомасы 694,9 млн тең­геге мемлекеттік сатып алу туралы заң­нама талаптарының бұзылуына жол бергендігі анықталды.

Квазимемлекеттік сектор субъ­ек­­­­ті­лерінің жарғылық капиталын ұл­­ғай­туға бөлінетін бюджет қара­жа­тын қайтару және одан әрі пайдалану тетігінің жоқ екендігі анықталды. Ай­­талық, «KazSat-3» ғарыш аппара­тын жасау және ұшыру жобасын іс­ке асыру үшін алынған 0,6 млн тең­ге мөл­шеріндегі қаражат қалдығы 2015 жыл­дан бері «Рес­публикалық ғарыш­тық байланыс ор­та­лығы» АҚ-тың шотында есепке алынғаны атап өтілді.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-тың 2011-2020 жылдарға арналған даму стратегиясының көр­сеткіштері мемлекеттік жоспарлау жүйесінің қолданыстағы құ­жат­та­рына сәйкес кел­мейді, оның 2016-2020 жылдарға ар­налған даму жоспары бүгінгі күнге дейін бекітілмеген. 

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ жол берген жалпы сомасы 2 848,7 млн теңгеге «Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін салу» жобасы шеңберінде жабдықтарды сатып алу бойынша шығындарды кіріске алу бөлігінде бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібінің бұзушылықтары анықталды.
Аэроғарыш комитетінің ведом­ст­во­лық бағынысты ұйымдары жол бер­ген сапасыз орындалған жұмыс кө­­ле­мін қабылдау, техникалық қада­ға­­лаудың сүйемелдеуінсіз құрылыс-мон­­таж жұмыстарын орындау жә­не объектілер құрылысының нор­ма­тив­тік мерзімін сақтамау бөлігінде сәу­лет, қа­ла құрылысы және құрылыс қыз­­меті ту­ралы заңнаманың бұзыл­ған­дығы анық­талды.

Мемлекеттік аудит қоры­тын­ды­лары бойынша Есеп комитеті жал­­пы сомасы 3 637,7 млн теңгеге қар­­жылық бұзушылықтар, 646,1 млн тең­­геге бюджет қаражатын тиімсіз пай­­далану және 24 812,5 млн теңгеге 36 рәсімдік бұзушылық фактісін анықтады. 

Мемлекеттік аудит барысында 2 640,8 млн өтеліп, қалпына келтірілді, соның ішінде республикалық бюджет кі­рісіне  – 11,4 млн теңге, бухгал­тер­лік есеп бойынша – 2 562,9 млн тең­ге және жұмыстарды орындау, қыз­метт­ер көрсету арқылы – 66,5 млн теңге.

Мемлекеттік аудиттің жекелеген материалдары әкімшілік құқық бұзу­шы­лықтар туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға процестік ше­шім­­дер қабылдау үшін жіберілді, деп ха­барлады Есеп комитетінің баспасөз қызметі.