Қазақстан • 16 Қараша, 2017

Көкпектіде Қалихан Алтынбаевқа кеуде мүсін қойылды

655 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Көкпекті ауданында белгілі айтыскер ақын Қалихан Алтынбаевтың 90 жылдығы аталып өтіп жатыр.

Көкпектіде Қалихан Алтынбаевқа кеуде мүсін қойылды

Шара аясында Көкпекті ауылындағы тарихи өлкетану мұражайында ақынға арналған зал ашылды. Мұнда 300-ге жуық жәдігер қойылған. Сонымен қатар аудан орталығындағы Қ.Алтынбаев атындағы Мәдениет үйінің алдына тұлғаның кеуде мүсіні қойылды.

Оның ашылу салтанатына Жүрсін Ерман, айтыскер Серік Қалиев, жазушы, ақын Нұржан Қуантайұлы бастаған құрметті қонақтар қатысты. Мерейтойлық шара аясында түстен кейін республикалық айтыс өтеді. Оған Ринат Зайытов, Рүстем Қайыртайұлы, Оңғар Қабденов, Манарбек Сатыпалды, Марат Ахметов сынды айтыскерлер қатысады.


Азамат ҚАСЫМ,
"Егемен Қазақстан"

Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы