Қазақстан • 16 Қараша, 2017

Дариға Назарбаева жаңа қызметке тағайындалды

387 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрайымы Дариға Назарбаева ҚР Сыртқы істер министрлігі қызметінің мәселелері бойынша Қоғамдық кеңестің жаңа төрайымы болып тағайындалды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің ресми сайты. 

Дариға Назарбаева жаңа қызметке тағайындалды

Сыртқы істер министрлігінде өткен Кеңестің кезекті отырысы кезінде  Д.Назарбаева бұл лауазымды атқарып келген Парламент Сенатының депутаты Бірғаным Әйтімованың орнына жайғасты. 

Дариға Назарбаева осы саладағы заманауи талаптар мен жаһандық трендтерге жауап беретін Сыртқы істер министрлігі мен азаматтық қоғамның тікелей байланысын қамтамасыз ету Қоғамдық кеңестің басты міндеті екенін атап өтті.