Аймақтар • 16 Қараша, 2017

Қостанайда ұлттық валюта күніне орай коллекционердің жеке көрмесі өтті

341 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайлық Алексей Алтухов 1972 жылдан бастап монета, ақша купюрларын жинаумен айналысып келеді. Ол Қостанай педагогика  колледжінде оқытушы болып қызмет істейді. 

Қостанайда ұлттық валюта күніне орай коллекционердің жеке көрмесі өтті

Өзінің көрмесімен жұртшылық алдына  жыл сайын мерекелерде шығып отырады. Биыл да  Теңгенің шыққан күніне байланысты Ұлттық банк филиалының  ғимаратында көрмесін көпшілікке ұсынды. 45 жылдан бері ақшаның түр-түрін жинап келе жатқан Алексей Петровичтң қолында қанша  дана  ақша бер екенін айтып жатудың өзі артық секілді, оның айтуынша өте көп. «Тек таза күмістен соққан монетаның өзі 300 данадан асады. Жыл сайын көрмемді жайып отырамын, ондағы мақсатым жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруге үлес қосу. Ақшамыз да Герб, Ту, Гимн секілді мемлекеттік символымыздың бірі  ғой» дейді коллекционер ұстаз.

Алексей Алтуховтың коллекциясы  соңғы жылдары тек  ұлттық валютамен толығып келеді.  Ол ұлттық монеталардың ешқайсысын қалдырмай алып отырады.

Алексей Петровичтің өзі  теңгенің  тарихынан  сабақ өткізеді. Ұлттық валютаның тарихын елдің, мемлекеттің тарихынан бөліп қарамайды. «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы» атты оқулық авторының бірі. Кітапты «Қаржы және несие» мамандығы студенттері пайдаланады.

Нәзира Жәрімбет

«Егемен Қазақстан»

Қостанай