"Қазақстанға Атлантикадан үлкен ылғал қорымен ауа массалары жылжыйды, сондық-тан демалыс күндері республиканың басым облыстарында кей жерлерде сулы қар, көктай-ғақ, тұман және күшті соқпалы жел күтіледі", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар батыстық тропосфералық ағындар біртіндеп оңтүстік-батысқа ауысатын бо-лады және Қазақстанға Ираннан жылы ауа массалары түсе бастайды. Сондықтан жауын-шашындарға қарамастан, республиканың батыс бөлігінде ауа температурасы 4-8 градус және шығысында 2-5 градус нормадан жоғары болып сақталады.