Фото: BBC
Режиссер қазірдің өзінде сценаристер Симон Жаке мен Мурад Винтермен бірге жұмыс істей бастаған. Қазір фильмнің ресми атауы да, прокатқа шығу күні де жарияланған жоқ. Алайда инсайдерлер премьера 2028 жылы өтуі мүмкін деп болжайды.
Ромен Гаврас «Афина» және «Әлем сенікі» («Мир принадлежит тебе») фильмдерімен, сондай-ақ Канье Уэст, M.I.A. және Jay-Z үшін түсірген клиптерімен танымал.
Еске салсақ, 2025 жылдың қазанында қарақшылар Лувр музейінің жоғарғы қабатындағы француз корольдік әшекейлері сақталған Аполлон галереясын тонаған.
Қаскөйлер жүк көлігіне орнатылған баспалдақ арқылы терезеден кіріп, жоғары деңгейде қорғалған екі витринаны бұзып ашқан. Олар тоғыз экспонатты, соның ішінде патшайымдар Мария-Амелия мен Гортензияға тиесілі гауһар мен сапфирден жасалған әшекейлер жиынтығын ұрлап кеткен.
Ұрланған зергерлік бұйымдардың құны бастапқыда шамамен 88 миллион еуроға бағаланған.
Кейіннен жергілікті БАҚ Луврдағы ұрлықтың қауіпсіздікке қатысты болғанын жазды. Бейнебақылау серверлерінің құпиясөзі «Louvre» сөзі болған, ал қауіпсіздік жүйесі әлі 2003 жылғы бағдарламалық жасақтамамен жұмыс істеген. Осыдан соң Қазақстандағы барлық музейлерде қауіпсіздік талаптарына қатысты тексеру жүргізілген болатын.