Фото: Видеодан алынған кадр
Оқиға Калифорния штатында болған. Ислам орталығы аумағында мешітпен қатар діни мектеп те орналасқан.
Полиция дерегіне сәйкес, қаза тапқандардың бірі – күзет қызметкері. Құқық қорғау органдарының жорамалдауынша, күзетшінің әрекеті одан да ауқымды қырғынның алдын алған болуы мүмкін.
Тергеу мәліметінше, шабуылға 17 және 19 жастағы екі жасөспірім күдікті саналады. Кейін олардың денелері ислам орталығынан бірнеше квартал жердегі көліктен табылған. Алдын ала болжам бойынша, олар шабуылдан кейін өздеріне қол жұмсаған.
Америкалық құқық қорғау органдары бұл оқиғаны діни және нәсілдік өшпенділік негізінде жасалған қылмыс ретінде қарастырып жатыр.
БАҚ мәліметінше, күдіктілердің бірі нәсілшілдік сипаттағы сөздер жазылған қоштасу хатын қалдырған. Сондай-ақ қару-жарақтан экстремистік мазмұндағы жазулар табылған.
Бұған дейін АҚШ-та әуе шоуы кезінде екі әскери ұшақ соқтығысқаны туралы хабарлағанбыз.