05 Қараша, 2011

Алып ұшақ Ақтауға қонды

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Концессиялық негізде ұшып-қону алаңын қайта салудың нәти­жесінде Ақтау халықаралық әуежайы әлемдегі ең алып ұшақтарды қабылдауға қол жеткізді. 1988 жылы орбиталық космостық кемелерді тасымалдау мақсатында Украинада құрастырылған АН-225 маркалы «MRIЯ» алып әуе кемесі Ақтау әуежайына қонды. Он жылдан бері коммерциялық негізде ұшудағы ұшақ Түркиядан теңіз арқылы әкелінген. Қарағанды темір-бетон зауытына қажетті жабдықтарды Қарағандыға апару үшін жалға алыныпты. Бірнеше рет әлемдік рекорд жасап «Гиннестің» рекордтар кітабына енген ұшақтың таза салмағы 250 тонна, ұзындығы 84 метр, биіктігі 12,2 метр, қанат­тарының ұзындығы 88,4 метрге  жетеді екен. Алып АН-225 әуе кемесін елімізде Алматы, Астана, Атырау және Қарағанды әуежай­лары ғана қабылдап, ұшыра алады. Алып ұшақ тиелген жүкті Ақтаудан-Қарағандыға 2,5 сағатта ойдағыдай жеткізді, – дейді Ақтау халық­аралық әуежайының директоры Жоламан Бошалақ, Ерғазы Жолдасов. Маңғыстау облысы.