Қыздар университетінің студенті гран-при иегері атанды

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің 2-курс студенті Маржан Жетпісбаева «Қыз сыны және Жігіт сұлтаны» қалалық байқауының Гран-при иегері атанды. Бұл туралы оқу орнының медиа орталығы хабарлады.

Егемен Қазақстан
17.11.2017 12968

Алматы қаласы жастар саясаты жөніндегі басқармасының қолдауымен «Q-Fest» жобасының аясында өткен сайыс оңтүстік астаналық жоғары оқу орындарының студенттері арасында тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Додаға іріктеу кезеңдерінен топ жарып шыққан 20 үміткер қатысып, бақтары мен баптарын сынады.

Жоба ұйымдастырушылары – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Керемет» жастар ресурстық орталығы» қоғамдық ұйымы мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Студенттер сенаты.

– Іс-шара Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын және Алматы қаласында «Жастар жылы» жобасын жүзеге асыру орайында іске асырылып отыр. Мақсат – жастар бойында ұлттық тәрбие құн­дылықтарын дамыту, мемлекеттік тілдің қолданысын кеңейту, жастардың жеке тұлға ретінде жарасымды дамуына, бүгінгі қыздар мен жігіттер­дің шығармашылық және жоғары зият­кер­лік әлеуетін арттыру, табиғи сұлулықты насихаттау. Байқау барысында жастар бойындағы өздері үшін жаңа және дәстүрлі емес мүмкіндіктер мен шығармашылық қабілеттерін ашу мақсатында түрлі шеберлік сыныптары мен тренингтер өткізілді. Ол өз кезегінде қатысушылар арасында қазақ халқының салт-дәстүрін насихаттауға, ата-бабаларымыздың төл мәдениеті жайлы білімін кеңейтуге ықпал етеді.  Осы тақылеттес сайыстар жастар арасында салауатты өмір салты идеологиясын қалыптастыруға сеп болмақ, – дейді шара ұйымдастырушылары.

Ақтық мәреге қатысушылардың интеллектуалды өресі мен өнері, білімі сараланды. Арулар өз қолымен дайындаған ұлттық тағам әзірлеудегі шеберлігін, сұлтандар ат әбзелдері мен ұлттық дәстүрлерге байланысты сұрақтарға жауап беріп алғырлықтарын да байқатты.

Сайыскерлер «Сәлемдесу», «Сұрақ-жауап», «Өнер» «Ұлттық нақыштағы заманауи сән үлгілерін көрсету» кезеңдері бойынша бақ сынасты. Оларға өнер адамдары мен мәдениет қайраткерлерінен құралған қазылар алқасы баға берді.

Тартысты өткен жарыс көрермендерге ерекше әсер сыйлағаны анық. Қатысушылардың бірі әсерлі әндерімен жұртшылықты тәнті етсе, енді бірі көркем биімен, сахналық көріністерімен көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Әділқазылар алқасының ұйғарымы бойынша, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Өнер және мәдениет факультетінің студенті Маржан Жетпісбаева жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар шығып, үздік деп танылды. Ал, қалған арулар түрлі аталымдар бойынша марапатталды.

– Бүгінде ұлағат ұясы атанған Қыздар университетінің «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығының 2-курсында білім аламын. Бұған дейін Алматы қалалық «Көркемсөз оқу шеберлерінің» конкурсына, «Ана тілі аруы – 2017» байқауына қатысып, жүлделі орындарға ие болдым. Ал, бұл сайыс мен үшін орны ерекше. Байқауда жеңімпаз атануыма, әсіресе ұстазым Меруерт Түсіпбаева көп еңбек сіңірді. Жарыс барысында көрсеткен қолдауы үшін білім мен ғылымның қарашаңырағы атанған оқу ордасының оқытушылары мен студенттеріне де алғыс айтқым келеді, – деп атап өтті М. Жетпісбаева.

Арулар сайысынан жүлдемен оралған бойжеткенді Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенова қабылдап, жеңісімен құттықтады. Оқу орнының басшысы өз сөзінде дамудың даңғыл жолына бағыт алған болашағы баянды елдің өрісі қашанда білікті де саналы һәм өнерлі ұрпағымен кеңейетіндігін айтты.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.07.2018

Елорда тұрғындары кітап алмасты

22.07.2018

«Цифрлық Қазақстан»: Үкімет басшысы отандық АТ-компаниялармен мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мәселесін талқылады

22.07.2018

Шолпан-Атада Орталық Азия сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті

22.07.2018

Тары өндірісі тасада қалмасын десек...

22.07.2018

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңға арналған баспасөз мәслихаты өтті

22.07.2018

Білім гранттарының 70 пайызы «ІТ» мамандықтарына бөлінеді

22.07.2018

Қызылордада 18 ауылшаруашылық кооперетиві құрылды

22.07.2018

Шемонаиха тұрғындарына баспана кілті тапсырылды

22.07.2018

Бүгін ауа райы құбылмалы болады

21.07.2018

Денистің дара жолы

21.07.2018

ЖСҚ-ны әзірлеу ісі сылбыр

21.07.2018

Атыраулықтар Денис Тенмен қоштасты

21.07.2018

Тараз қаласына Денис Тенді еске алуға арналған баннер орнатылды

21.07.2018

Денис Тенді еске алу шаралары Өскемен мен Семейде өтті

21.07.2018

АҚШ-тың атақты хореографтары Астанада шеберлік сыныптарын өткізеді

21.07.2018

Қостанай облысында жыл басынан бері қылмыс азайған

21.07.2018

Астанада Денис Тенмен қоштасу рәсімі өтті

21.07.2018

Алматылықтар Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды

21.07.2018

Қостанай облысында жаз басталғалы 12 адам суға кетті

21.07.2018

Астаналықтар Smart Astana мобильді қосымшасы арқылы жұмыс таба алады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Атақ қымбат па, абырой қымбат па?

Бүгінде қандай жолмен келсе де атақ үшін есі кете, есерлене қимылд­ай­ты­ны­мыз­ды бәрі біледі. Айта­лық, жуырдағы бір мереке күндерінде орден сатылыпты. Бұл орденнің атауы қандай дерсіз – «Қазақстанның құрметті азаматы».

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ауыл шаруашылығын цифрландыру болашақтың баламасыз жолы

Әлем елдерінде қазіргі уақытта ауыл шаруашылығын цифрландыру қарқынды түрде жүріп жатыр. Уақыт өткен сайын бұл салада неше түрлі жаңа технологиялар пайда болып, олар жедел түрде өндіріске ен­гізілуде. Мәселен, Еуропадағы компания­лар енді егістік жағдайын зерттеумен ай­на­лысатын дрондарды да шығара бас­тады. Бұл машиналар фермерлердің егіс шы­ғымдылығын алдын ала болжап бі­лу­леріне жағдай туғызуда. Осы үдеріс ке­ңі­нен қанат жая келе, бүкіл ел бойынша әрбір егіс алқабының шығымдылығын күні бұрын анықтау мүмкіндігі пайда болатын көрінеді. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Аяқдоп аламаны аяқталды

Әлем чемпионаты – тағатсыздана күткен футбол тойы еді. Енді барлығы аяқталып, той тарқасымен біз де алған әсерімізбен бөлісе кетсек. Бұл біріншілік несімен есте қалмақ?

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Биографиялық фильмдердің бәсі биік болуы тиіс

Кейінгі кезде «Еуразия бірінші арнасынан» әйгілі кеңестік манекенші-модель, сән әлемінде «Кремльдің ең әдемі қаруы» және «Кеңестік Софи Лорен» атанған Регина Збарская туралы сериа­л көрсетіліп жатыр. Былай қарасаңыз, сән әлемінің кіндігі саналған Парижді тәнті еткен өмірі жұмбаққа толы сұлудың сол кездегі кеңестік қасаң қағидаларға сыймаған ғұмырын өзгеше қырынан бейнелеген қарапайым, бірақ кемел түсірілген Ресейдің кезекті киноөнімдерінің бірі. 

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Халық әнінің тоналу тарихы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бо­лашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағ­дарламалық мақаласында, жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды», деді. Елдің ұлттық-рухани тамыры дегеніміз не? Ол ха­лықты сан ғасырдан бері адастырмай, алып келе жатқан салт-дәстүрі, фольклоры, әні мен жыры. Осылардың ішінде әннің ұлт руханияты үшін орны айрықша. Дана Абай атамыз, «Ұйықтап жатқан жүрек­ті ән оятар, Үннің тәтті оралған мәні оятар» дегенді бекер айтқан жоқ.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу