Қазақстан • 21 Қараша, 2017

Астанада еншілес және тәуелді ұйымдардың HR-форумы өтті

278 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Жуырда Астанада «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамының еншілес және тәуелді ұйымдарының HR-форумы өтті. Компанияға қарасты бөлімшелердің мамандары бірінші рет кездесіп тұрған жоқ, олар жыл сайын  тұрақты түрде бас қосады. Бірақ бұл жолы форум форматында әрі мемлекеттік ведомство мен ірі компаниялар өкілдерінің қатысуымен бірінші рет жиын ұйымдастырылды.

Астанада еншілес және тәуелді ұйымдардың HR-форумы өтті

ҚМГ БӨ HR-қызметі, яғни шараның ұйымдастырушылары компанияның 13 жылдық тарихы ба­рысында жиылған көпшілікке ай­тар талай жайттың бар екенін ес­керсе керек. Дамудың әрбір са­тысы қызметкерлерді қалай бас­қару керек дейтін мәселемен ті­келей байланысты екені де рас. Компанияның көптеген адам­­да­ры осы үдерістерді бастан кеш­ті және компаниямен бірге кә­сіби тұрғыда дамы­ды. Фо­рум­ға шақырылған еліміздің би­лік инс­титуттары мен ірі компа­ния­лар­да қызмет етіп жүрген қо­нақ­­тардың өз кезеңінде  «Қаз­МұнайГаз» Барлау Өндіру» ак­ци­о­нерлік қоғамында қанаттарын қа­тай­тқанын айтсақ та жеткілікті шы­ғар. Соның ішінде форумға қа­­тысушылар арасында Мә­жіліс депутаты Тарас Хи­ту­ов, «Қазақтелеком» АҚ-тың бас қаржы директоры Асхат Өз­беков,  «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқару директоры Майя Егімбаева болды. Бір кез­де «ҚазМұнайГаз» Барлау Өн­ді­ру­де» қызмет еткен қазіргі Ұлттық эко­номика министрі  Тимур Сү­лей­­менов белгілі бір себептермен жи­ынға қатыса алмады.

– Бүгін бізді қолдауға келген адам­дардың барлығы да біз туралы естіп қана қоймаған, бізді бі­леді де. Мен барлығыңызға да үлкен құрметпен қош келді­ңіз­­дер демекпін және осы бас­та­маға үн қосып, форум жұмы­сы­на қатысуды қабыл алған арнайы қонақтарға алғысымды білдіремін, – деді «ҚазМұнайГаз» Бар­лау Өндіру» АҚ аппарат бас­шы­сы Бауыржан Асқаров өз сө­зін­де.

ҚМГ БӨ-нің құрылғалы бер­гі өсу, даму нәтижесін көр­се­тіп, фо­румға еліміздің алты ай­ма­ғы­нан 14 еншілес және тәуел­ді компаниялардың өкілдері жи­ыл­ды. «Ембімұнайгаз» АҚ жә­­не «Өзенмұнайгаз» АҚ сынды не­гізгі кен активтерінен бөлек ком­пания «Қазгермұнай» БК» ЖШС, «Қаражанбасмұнай» АҚ және «ПетроҚазақстан Инк.» жә­не көптеген мұнайсервистік ком­паниялардың үлестерін ием­де­неді. Бүгінгі күні «Қаз­Мұ­най­Газ» Барлау Өндіру» өз ша­ңырағының астына 26 мыңнан ас­там қызметкерді біріктіріп отыр және мұндай орасан зор ұжым үшін қызметкерлерді тиімді басқару үдерісі әрқашан да маңызды.

– Біздің HR-қызметтің бар­лық бастамалары компания бас­шы­лығынан қолдау табады. Мен осы форумды өткізу туралы идеяны толықтай қолдаған  «Қаз­МұнайГаз» Барлау Өндіру» ак­ционерлік қоғамының бас дирек­торы Құрманғазы Есқазиевтің сө­зін сіздерге жеткізгім келеді. Бас директор бұл форумның қыз­мет­керлерді басқару саласында, сондай-ақ компания топтарының интеграциялық үдерістегі ұстам­да­рын нығайтуда тәжірибе мен білім алмасу тұрғысынан маңызды оқиға екенін айтты, – деді Бауыржан Асқаров.

Форум жұмысын қолдау үшін бас компания атынан қатысқан өкіл, яғни «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ адам ресурстарын басқару бой­ынша вице-президент Серік Әб­денов те жиында аудиторияға сөз арнады.

Форум барысында «Қаз­Мұ­най­Газ» ұлттық компаниясы мен «ҚазМұнайГаз» Барлау Өн­діру» арасында әріптестік туралы меморандумға қол қойылды. Атал­мыш құжат арқылы екі ком­пания да тәжірибе алмасу мен жұмысшылардың білік­ті­лігін көтеру бойынша ең жақ­сы тәжірибелердің жобасын ұсы­на­тын қызметкерлерді бас­қару са­ласында екі жаққа да тиімді әріп­тестікті дамыту туралы ойла­рын білдірді. Осыған байланыс­ты та­раптар ұжымдар үшін та­ғы­лым­дамалардың әлеуетті мүм­кін­дігін анықтауға және қарас­ты­руға дайын екендіктерін біл­дір­ді. Аталмыш меморандум қол қой­ған компаниялардың еншілес және тәуелді ұйымдарына да таратылады.

ҚМГ БӨ дамуының әрбір іргелі сатысы маңызды санала­тын маман мәселесін шешумен бай­ланысты. Компания құ­рыл­ға­лы бері еңбек етіп ке­ле жатқан, Қыз­меткерлерді бас­қару жә­не еңбекке ақы төлеу депар­та­ментінің директоры Эльмира Кәрімова ҚМГ БӨ тарихының ма­­ңызды кезеңдері мен сол ке­зең­дерде шешілуі тиіс болған мә­се­лелер жөнінде жан-жақты ай­тып берді. Бұлар – компанияны құ­ру, IPO өткізу, құрылымдық оңтай­ландыру, еңбек ұжымдары мен кәсіподақ өкілдерімен бірге әре­кет етуге басымдық жасау.

– 2006 жылы біздің компания IPO-ға шықты. Сол кезде біздің алдымызда KPI, бенчмаркинг, шетелдік жұмыс күшін тарту сынды жаңа мәселелер тұрды. Сол кезде біз «бестпрактик» деген сөзді тұңғыш рет естідік, – дейді Эльмира Кәрімова.

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» бұл күнде Қазақстандағы ең табысты компаниялардың бірі. Компания табысының сыры қызметкерлерді   жігерлендіру мен олардың кәсіби әлеуетін мо­лы­­нан жүзеге асыруда жатса ке­­рек. Компания тарихының ең қо­лайсыз кезеңдерінде де адам ре­сурстарын сақтау  маңызды орын­да тұрған.

Бұл тұрғыда форумда таны­мдық пікірталас та өрбіді. Қаты­су­шыларға компания­да дағдарыс жағ­дайында қызметкерлер штатын мейлінше аз қысқартуға бағыт­талған шешім табу ұсы­ныл­ды. Пікірлер көп болды. Біреулер зей­нет жасына келіп қалған қыз­меткерлермен қоштасуды ұсын­са, басқа біреулер жастарды еркіндікке жіберуді ұсынды. Бізге жұмыс орындарын сақтау үшін  еңбекке ақы төлеу қорын азайту туралы өзара келісім  жаны бар ұсыныс сияқты көрінді. ҚМГ БӨ мұнайсервис жобасы бойынша басқарушы директор Айнұр Шаненованың сөзінен бақсақ, мұнайдың бағасы 10 долларға түскен кезде де компанияда жұ­мыс орындары сақталған. Сон­дай-ақ ҚМГ БӨ соңғы жылдары ешқандай да қысқартуды бол­дырмауға күш салуда және соны орындауда.

Одан басқа компания өз қыз­меткерлерінің білім алуы және  оларды оқыту барысында даму жобаларын белсенді түр­­де енгізуде. Осы жазда ҚМГ БӨ «Шелл», «Эни» ком­панияларымен және Ресейдің Губкин атындағы мұнай және газ университетімен  бір уақытта үш меморандумға қол қойды. Компаниялардағы әріптестер арасында білім бағдарламаларына қатысты көптен бері іскерлік әріптестік орнаған-ды. Мысалы, ресейлік мұнай және газ универ­си­тетінде «Мұнай-газ ісі» бойын­ша магистрлік бағдарлама бойынша «Ембімұнайгаз» бен «Өзенмұнайгаздың» бес қыз­мет­­кері білім алуда. Енді қол қой­ы­лған меморан­дум­ның шең­­бе­рінде осы кәсіп­орын­­дар­дың 115 қызметкерін оқы­­ту­ға ар­налған білім беру бағ­дар­ла­ма­сы даярлануда.

«Эни» компаниясымен де әріптестік тәжірибе бар. Осы жылы «Өзенмұнайгаздың» 12 инженері жарты жыл бойы «Эни» корпоративті университетінде тағылымдамадан өтті. Олар геология және геофизика, өндіру және бұрғылау, мұнай кен орын­да­­рын әзірлеу, техника қау­­іп­сіз­дігі сынды кәсіби салалар бой­­ынша өндіріс орындарында бол­­ды.  Меморандум білім беру бағ­дарламаларын жалғастыруды ұсы­нады. Сондай-ақ ҚМГ БӨ ком­паниялары қызметкерлеріне тә­жірибе алмасу, оқыту курс-
тарын және мүмкін болған та­ғылымдамаларды ұйым­дас­тыру үшін «Шелл» компания­сымен іс-шаралар жоспарын әзірлеу жоспарланған.

Қатысушылардың айтуы бойынша екі күндік форум бір деммен өтті. Әріптестер өз тәжірибелерімен бөлісті, жа­ңа нәрселерді үйренді. ҚМГ БӨ қызметкерлерді басқару де­пар­та­менті үшін бұл табысты жоба­лар­дың бірі болмақ. Мұндай бас­тамалар компанияның іш­кі өмірінде белсенділік пен бас­тамашылықты көбірек туындатады. «Жас мамандар күні», «Үздік маман», «Дублер күні» сынды жобалардың компания үшін маңызы зор. Олар жас әріптестерді өздерінің ең жақсы қырлары мен қабілеттерін ашуға жігерлендіріп, қорытындысында ком­паниядағы олардың жұмы­сының нәтижелілігі байқа­лады. 

– Бір жобаны ең маңызды немесе ең мықты деп тандау өте қиын. Өйткені біздің жобалар тұтастала келе «корпоративтік мәде­ниет» атты бірегей жобаны құрайды. Біз компанияда басшылыққа сенім, жалпының мүддесі, қамқор қолды сезіну, қызметкерге қамқорлық, сондай-ақ болашаққа сенім атмосферасын қалыптастырдық, – дейді Эльмира Кәрімова.

Бүгінде HR-қызметі компа­ния­дағы кадр саясатының шекарасын айтарлықтай кеңейткен. Корпоративтік бірлік, ұжымды біріктіру, әріптестердің психо­ло­гиялық адаптациядан өтуі, әріп­тестерді мотивациялау, білім беру – мұның бәрі қызмет­кер­лерді тиімді басқаруға қатысты шең­берлі мәселелер. Бұл құзы­рет­тіліктің ішіне кадр саясатын рет­теудің бір бөлігі ретінде әлеу­мет­тік қолдау да кіретіні рас.

ҚМГ БӨ  материалдық ак­тив­терін өз әрекеттерінің ар­тық­шылығы ретінде баға­лай­тын бол­са, ал адам капиталын ком­па­нияның құндылығы ретін­де қарастырады. Компания өз әріптестерін дұрыс мотивациялау арқылы және олардың кәсіби әлеуетін молынан жүзеге асыру арқылы жоғары нәтижелерге жетті деп айтуға болады.

Нұрсұлтан СӘДУАҚАСОВ