Қазақстан • 21 Қараша, 2017

Елімізде ең ірі тау-кен металлургиялық компанияларының үлесі тоғыз ай ішінде 64,02%-ды құрады

618 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Тау-кен металлургия саласындағы кәсіпорындар 2017 жылдың соңына қарай қазақстандық үлес көлемін 66,98%-ға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Елімізде ең ірі тау-кен металлургиялық компанияларының үлесі тоғыз ай ішінде 64,02%-ды құрады

Қазақстан Республикасының ең ірі тау-кен металлургиялық компанияларының үлесі 2017 жылдың 9 айы ішінде 64,02%-ды құрады. Осы тұста «Kazakhmys Holding» ЖШС, Eurasian Resources Group, «KazZinc» ЖШС, KAZ Minerals Тобы және «Қазақалтын» ТКМК» АҚ сынды компаниялардың жиынтық көрсеткіші туралы айтылып отыр. Ақшалай санағанда қазақстандық жеткізушілерден сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің құны 570 млрд теңгеден асты. 2017 жылдың соңына қарай жоғарыда аталған компаниялардың болжанған жиынтық көрсеткіші 66,98%-ды немесе 951,76 млрд теңге құрамақ.

Тау-кен металлургия саласындағы жергілікті көрсеткішін сапалы түрде ұлғайту мәселесі 2017 жылдың 23 қарашасында Астанада өтетін «Қазақстандық өнім жасаймыз» атты жыл сайынғы форумда көтерілмек.

Іс-шара 7 жыл ішінде халықаралық және отандық жеткізушілерге арналған жалпы республикалық диалог алаңына айналып үлгерді. Өткен жылғы форумдар отандық өндіріспен байланысты мәселелерді жете түсініп, дамыту үшін жағдай жасады. Қалыптасқан дәстүрге сай іс-шара аясында жергілікті өндірістің жетістіктері мен мүмкіндіктерін ашып көрсетуге арналған қазақстандық өнімді шығаратын кәсіпорындар мен жеткізушілердің көрмесі өтеді.

Форумға қатысатын спикерлер:  

Бақытжан Сағынтаев – ҚР Премьер-министрі;

Алик Айдарбаев – ҚР Инвестициялар және даму жөніндегі бірінші вице-министрі;

Николай Радостовец – «Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры.

Эдуард Огай - «Қазақмыс Холдинг» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы

Алдияр Қазтаев – "Еуразиялық Топ" ЖШС Бақылаушылар кеңесінің төрағасы

Игорь Радович –  «KazZinc» ЖШС коммерция жөніндегі атқарушы директоры

Крис Броуди – KAZ Minerals тобы жабдықтау жөніндегі директоры 

Баламир Маханов – «Қазақалтын» ТМК АҚ Бас директоры

«Қазақстандық өнім жасаймыз» форумының алаңында тау-кен металлургия саласындағы 100-ден аса компания бас қосады деп жоспарланған. Форум импорт алмастырумен байланысты басты қажеттіліктерді белгілеп, осы арқылы шағын және орта бизнестің ары қарайғы қызмет аясын анықтайтындықтан, іс-шараны өткізу Қазақстан Республикасының экономикасында аса маңызды рөл ойнайды.