Қазақстан • 22 Қараша, 2017

Ұлттық банкі бүгіннен бастап 500 теңгелік жаңа купюраны айналымға шығарды

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Ұлттық банкі бүгіннен бастап 500 теңгелік жаңа купюраны айналымға шығарды. Бұл - «Қазақ елi» сериясы бойынша шыққан алтыншы купюра.


Ұлттық банкі бүгіннен бастап 500 теңгелік жаңа купюраны айналымға шығарды

Қағаз ақшаның дизайны бұрынырақ шыққан жоғары номиналды ақшалардың дизайнына ұқсас. Купюраның бір бетінде Қазақ елі монументі мен көгершіндер, екінші бетінде Каспий теңізі бейнеленген. Түс реңі өзгермеген.

«Ақшадағы жазу кириллица қарпімен басылған. Себебі дизайн жұмыстары 2015 жылы жүргізілген. Купюраны басып шығару - ұзақ жүретін процесс»,- деді ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев. Ескі 500 теңгеліктер 2020 жылдың 10 шілдесіне дейін айналымда жүреді. Мерзім жеткен соң купюра айналымнан алынады.