- Екі футболшы да биыл жоғарғы деңгейде өнер көрсетті. Твумаси қазір Еуропа лигасының сұрмергендерінің қатарында. Ал шет елдік клубтардың Каанангаға деген қызығушығы бұрыннан бар. Біз олармен осы маусым аяқталғаннан кейін келісімге келіп, болашақ жайлы сөйлесетін болып келістік. Алайда, оларға түсіп жатқан ұсыныстар өте көп. Сондықтан да, бұл екеуін командада сақтап қалу өте қиын болатын секілді, деп мәлімдеді Қайсар Бекенов.
Естеріңізге сала кетейік елордалық ұжым 23-қараша күні "Астана Аренада" испанияның "Вильярреал" командасын қабылдайды.