Кездесу «Азиядағы бейбітшілік пен даму» тақырыбымен өтіп жатыр. Депутаттар Түркияның Ұлы ұлттық мәжілісінің қайта тағайындалған төрағасы, сайлауға Әділет және даму билеуші партиясынан түскен Исмаил Кахраманмен кездесті.
Сенатор Д.Кәлетаев Түркия Ұлы ұлттық мәжілісі төрағасы жоғары лауазымына И. Кахраманның тағайындалуына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын жеткізді.
Әңгіме барысында тараптар екі ел арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты дамытудың келешегін талқылады.