05 Қараша, 2011

Аймақтық қауіпсіздік жайы талқыланды

561 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі Ұжым­дық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымының Хат­шы­лығымен бірлесе отырып, 2011 жылдың 4 қа­ра­ша­сында «Орта Азия аймағында қазіргі заман қауіп-қа­те­рлеріне қарсы іс-әрекеттердің маңызды мәселелері тұр­ғы­сынан ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің даму бағыт­та­ры» тақы­рыбында дөңгелек үстел отырысын өткізді. Президенттің көмекшісі – Қа­зақстан Республикасы Қау­іп­сіздік Ке­ңесінің хатшысы М.Тәжин өзі­нің сөзінде қазіргі таңдағы Орта­лық Азияның ішкі және сыртқы қатерлердің өзгерістерін есепке ала оты­рып, ҰҚКҰ қызметінің кон­цеп­туалды жолдарын және ба­сым бағыттарын атап өтті. ҰҚКҰ бас хатшысы Н.Бордюжа аймақтық қауіпсіздік және жаңа қауіп-қатерлерге қа­жетті қарсы әре­кет ету ша­раларының өзекті мәселе­лері­не тоқталды. Дөңгелек үстел отыры­сына Қырғызстан, Тәжікстан елдерінен мамандар, ғылыми, мемлекеттік, қо­ғамдық институттар және Қа­зақ­станның тәу­елсіз сараптама орта­лық­тары­ның өкілдері қатысты. Өткен пікірталас бары­сын­да Орта Азиядағы ұжымдық қауіп­сіз­діктің әсерлі жүйе­сінің қалып­та­суына ҰҚКҰ мү­ше елдердің ыңғайы мен аймақтағы ахуалдың дамуына сараптық бағалар берілді. Сол күні Президенттің кө­мекшісі – Қазақстан Респуб­ликасының Қауіп­сіздік Кеңесінің хатшысы Марат Тә­жин Ұжым­дық Қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымының бас хатшысы Н.Бор­дюжамен кездесу өт­кізді. Пікір алмасушылар Қазақ­стан­ның ҰҚКҰ мен стра­те­гия­лық әре­кеттестігінің алға бағытталған си­па­тын, әлемнің жалпы қауіп-қа­терге қарсы әре­кет ету сала­сын­да­ғы ха­лық­аралық ұйымдармен қа­рым-қатынастарының дамуын атап өтті. Аталған кездесу осы жыл­да жоспарланған ҰҚКҰ Саммитіне дайындық аясында өтті.