Қазіргі таңда осы фактіге байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық прокуратураның ресми мәліметі бойынша, кеңестік үлгідегі жарылғыш заттар темір қалдықтары арасынан табылған.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 287-бабы бойынша яғни, жарылғыш заттарды заңсыз сақтау дерегіне сәйкес іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ал бомбалардың барлығы толықтай жойылатын болады.