Медицина • 23 Қараша, 2017

Келесі жылы Қарағандыда Бұқар жыраудың 350 жылдығы тойланады

650 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Келесі жылы Қарағанды облысының жұртшылығы атақты ойшыл Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығын атап өтеді. Шараларға дайындық қазір­ден басталып, Бұқар Жырау ауда­нының әкімдігінде ұйымдастыру комитетінің бірін­ші отырысы өтті, деп жазады Ruh.kz сайтында.

Келесі жылы Қарағандыда Бұқар жыраудың 350 жылдығы тойланады

Мерекелік шараларды 2018 жылдың тамызында өткізу ұсы­нылып, ол өтетін орынды ау­дан жұртшылығы әлі талқылау үс­тінде. Нақты шешімді жер­гі­лікті ақсақалдардың пікіріне сү­йене отырып жасау көзделіп отыр. Мерейтойға орай «Бұқар жырау» энциклопедиясын қайта басып шығару, республикалық айтыс, ғылыми-тәжірибелік конференциялар ұйымдастыру, телебағдарламалар циклін жасау жоспарланған.

«Отырыс барысында бүгінгі таңда Бұқар жырау туралы бірде-бір пьеса мен фильм жоқ екені атап айтылды. Ұйымдастыру комитетінің өкілдері тек мерей­тойлық шаралар туралы ғана емес, сонымен қатар ауданның елді мекендерін абаттандыру қа­жеттілігін де талқылады», делін­ген хабарламада. 
Айта кетейік, Бұқар жырау Қал­қа­ман­ұлының 350 жылдық мерейтойын өткізуге ар­нал­ған Қоғамдық қор құрылатын болды.