05 Қараша, 2011

Қазақстан халқы Ассам­блея­сы баршаңызды күллі мұсыл­ман ба­ла­сының ұлық мейрамы – Құрбан айт мерекесімен құт­тықтайды.

377 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Құрбан айт мерекесі – адалдық пен шынайы ықылас-ниетке негізделген шара. Құрбандық шалу арқылы адамның ішкі ниеті, пейілі сыналады, жомарттығы таны­ла­ды, адам бала­сы­ның мейірімі оя­нып, біріне-бірі қайы­рым­дылық жа­сауға ұмтылады. Бұл – жақын­дасу мен рухани түлеудің мерекесі. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ма­те­риалдық игіліктермен еш­қан­дай бай­ланыспайтын РУХАНИЯТ, АДАМГЕРШІЛІК деген дау­сыз ұлы құн­ды­лықтар бар. Олар адам үшін әрдайым басым және негіз қалаушы болып қала береді» деген сөзі бар. Дін – әр адам үшін рухани негіз, адамгершілік бастауы, ақыл-ой парасаты. Ұлт бар жерде дін бар. Барлық дін­нің негізі бір – адамзатты ізгілікке бастау. Әр елдің өз даму, қалып­та­су тарихына сәйкес бір діннің кейбір қа­ғидаттарының өз­геше қабыл­дан­ға­ны табиғи жайт. Оны түсіну, өз ұл­тың­­ның тарихы қалыбынан шығып кетпей, еліктеуге бой ұрмай, ділдік қа­сиетіңді дінің арқылы сақтап, ұлы­лық көр­сету – баршамыздың алды­мыз­да тұр­ған ұлы міндет. Сонымен қа­тар, өзгенің сенімін жоққа шы­ғар­май, ортақ қоғамда үйлесімділік орнату, көршінің көңілін қабыл көріп, бірлесе бейбіт өмір сүруді негізге алған Ата Заңымызды сыйлау, қағидаттарын көзіміздің қарашығындай сақтау да баршамыздың парызымыз. Құрбан айт рухы биік, жаны бай Қазақстан халқының өркениетті дүниетанымының өнегелі тағылымы ретінде рухани биік адамгершілікті қалыптастырудың мерекесі. Жас еліміздің 20 жылдық Тәуел­сіз­дік тарихымен тұспа-тұс келген Ұлы мейрам мүбәрәк болсын, бар­ша­ңыздың ниеттеріңіз қабыл болсын!

Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі.