Қуат Бораш 1972 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін журналист мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1989 жылы бастаған. 1994-2005 жылдары «Қазақстан» мемлекеттік телерадио хабар тарату компаниясы, «Қазақстан теледидары мен радиосы» республикалық корпорациясы, «Райхан-ТВ» телекомпаниясы, «Тараз-ТВ» телеарнасы, «Жамбыл облыстық телерадио компаниясы» ЖАҚ, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті қатарлы түрлі медиа саласындағы ұйымдарда жұмыс істеген.
2005-2006 жылдары «ҚР Президенті ТРК» КЕАҚ бөлім меңгерушісі болған, ҚР Президентінің баспасөз қызметінде еңбек еткен.
2007-2012 жылдары ҚР Президент әкімшілігінің әлеуметтік-саяси бөлімшесінің бас сарапшысы; ҚР Президенті әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі ретінде қызмет атқарған.
2012 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалған.
2013-2017 жылдары ҚР Мемлекеттік Хатшысы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары лауазымын атқарған.
2017 жылдың маусым айынан бастап қазіргі таңға дейін «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің бас редакторы қызметін атқарған.