Қазақстан • 23 Қараша, 2017

ОҚО-да аудандарға газ тартыла бастады

417 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ордабасы ауданындағы Ықыластемір және Теспе ауылдарына газ құбыры тартылып жатыр, деп хабарлайды «Egemen.kz» тілшісі.

ОҚО-да аудандарға газ тартыла бастады

2015 жылы облыстық бюджет есебінен “Бейнеу-Шымкент” магистральды газ құбырының 1393 шақырымында №19 “Темірлан” АГТС және АГТС-тан Ордабасы ауданының Темірлан елді мекені арқылы Арыс қаласына дейін тартылатын газ құбырының құрылысы басталған болатын.

Қазіргі таңда АГТС қондырғыларын қысымдау жұмыстары жүргізілді. Көгілдір отынды қыздыру блогы жақын арада нысан басына жеткізіліп, орнату жұмыстары жүзеге асады.

Қала іргесінде жақын орналасқан аудан көгілдір отынмен қамтамасыз етілсе шағын және орта бизнес жанданбақ.

 

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Оңтүстік Қазақстан облысы.