Аймақтар • 24 Қараша, 2017

Ақтау қаласының әкімі тағайындалды

2849 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов аймақтың активіне қаланың жаңа басшысын таныстырды. Ақтаудың әкімі болып Ғалымжан Ниязов тағайындалды.  Ол осыған дейін Маңғыстау облысы әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс және инновация мәселелері бойынша кеңесшісі қызметін атқарды, деп хабарлады egemen.kz тілшісіне Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Ақтау қаласының әкімі тағайындалды

Ниязов Ғалымжан Мұқырұлы Маңғыстау облысы, Шетпе селосында 1973 жылы 14 сәуірде дүниеге келген.

 2000 жылы Қаныш Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық политехникалық университетін, 2008 жылы Шахмардан Есенов атындағы Каспий мемлекеттік және инжиниринг университетін тәмамдаған.

Ол еңбек жолын 1990 жылы Шевченко қаласында слесарь, кәсіпорынның жүргізушісі болып бастаған.

2013-2014 жылдары аралығында Қызылорда облысы құрылыс басқармасының   бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары болды.

2014 жылдан 2016 жылға дейін Қызылорда облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы болды.

2016 жылдан 2017 жылға дейін Астана қаласында «СК-Фармация» ЖШС-де бөлім басшысы, басқарушы директор, департамент директоры болып қызмет етті.

2017 жылы наурыз айынан бастап Маңғыстау облысы әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс және инновация мәселелері бойынша кеңесшісі қызметін атқарады.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Маңғыстау облысы