Жоба бойынша, облыс орталығында бой көтеретін нысанның аумағында олимпиадалық резерв дайындау орталығы, жеңіл атлетика және футбол манеждері орналасады. Жобаны «ҚазЭдемСтройГрупп» ЖШС жүзеге асырады. Құны 6,5 млрд теңгені құрайды. Қалашық «Құлагер» ипподромы жанында орналасады. Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының барлық талаптарына сай келетін манежде жеңіл атлетика спортының барлық түрлерімен айналысыуға, жарыстар өткізуге болады. Жабық футбол алаңында шағын футболға арналған олимпиадалық резерв дайындау орталығы орналасады.
- Жеңіл атлетика манежі, Олимпиадалық дайындық орталығының құжаттары желтоқсан айының ортасына қарай, ал футбол манежінің құжаттары келесі жылдың қаңтар айында сараптамаға беріледі, - дейді серіктестік директоры Әлімжан Ысмайылов.
Жобалық-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан өткен кейін тараптар өзара келісімшарт жасайды.
Фарида Бықай
«Егемен Қазақстан»
Павлодар
Суретті түсірген: Валерий Бугаев