С.Торайғыров атындағы мемлекеттік университет студенттері арасында өткен «Ертіс аруы-2017 аруы» сұлулық байқауының финалында бірден төрт аталым бойынша жеңімпаздар анықталды. Байқаудың іріктеу кезеңіне 33 қыз қатысты. Оның 10-ы ғана мәреге жолдама алды. Қатысушылар өздерін таныстыру, сәнді көйлек, актерлік шеберлік, би билеу және ән айту арқылы өз өнерлерін көрсетті. Мемлекеттік университеттің басқару, бизнес және құқық факультетінің студенті Кристина Комарова ерекше сұлулығымен көрермен көзайымына ие болды. Машина жасау факультетінің студенттері Аида Байтемірова «Сұлу ару» атағын жеңіп алса, Дайана Сүйіндіковаға «Нәзік ару» атағы берілді. Агротехнология факультетінің түлегі Ольга Матюхинаның өнері мен сұлулығына таңданды. Ольга екінші вице-мисс атағын жеңіп алды. Қыздардың барлығы да салауатты өмір салтын ұстанады. Фитнес-орталықтар, би студияларына барады. Араларында шығыс жекпе-жегі, каратэмен де жаттығатындар да бар. Байқауға қойылған талаптар-сұлулық, талант және шығармашылық қасиеттер. Қазылар алқасының құрамында бизнес, Fashion-индустрия, БАҚ және басқа салалар өкілдеріне құралды.
Ал, «Ертіс аруы-2017» байқауының бас жүлдесін мемлекеттік педагогикалық институтының студенті Сәния Темірханова жеңіп алды. Абайдың 200-ден астам өлеңін жатқа білетін Сәния кез келген бетті ашқанда алғашқы шумақтан өлеңді соңына дейін жатқа айтты. Сәнияның бұл ерекшелігі әділқазылар мен көрермендерді баурап алды. Алдағы уақытта біз газетімізге Сәния жайлы толық түрде мақала жазамыз.
Фарида Бықай
«Егемен Қазақстан»
Павлодар
Суретті түсірген: Руфина Торпищева