Атырау театры – Түркияда

Махамбет атындағы Атырау облыстық қазақ драма театры іргетасы қаланған 1938 жылдан бастап бүгінге дейінгі аралықта 600-ге жуық пьесаны сахналады. Келер жылы 80 жылдық мерейтойы болатын театр ұжымы тек атыраулықтарға ғана емес, еліміздің әр түкпіріндегі, тіпті шетелдердегі көрерменге өнерлерін көрсетіп келеді. Бұған дейін Мәскеудегі Модерн теа­трына барып, тұңғыш рет қазақ тілінде спектакль қойған атыраулық әртістер одан кейінгі сапарды Македонияда жалғастырған еді. Енді Түркияның төрінде екі бірдей қойылымды көрермен назарына ұсынып отыр.

Егемен Қазақстан
24.11.2017 4357

Театр ұжымы алдымен­ Анкарадағы Билкент ха­лық­аралық зертханалық мектебінде белгілі жазушы-дра­ма­тург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ра­хымжан Отарбаевтың «Жасын ғұмыр» заманауи қойылымын сахналады. Бұл кездейсоқтық емес. Тағдыры спектакльге арқау болған Сүлеймен Ақдрашев осы мектепте білім алған. Төртінші сыныптан бастап Түркия мектебінде оқып, кейін осы елдегі және Англиядағы университеттерде білімін жетілдірген Сүлеймен 25 жыл ғана ғұмыр кешті. Бірақ көп нәрсеге үлгеріп кетті. «Дүниені жақсы­лық құтқарады» – дейді қойылымда Сүлейменнің әжесі. Ата-анасы мен әжесінің мейірім шуағына шомылып өссе де, өз басынан күллі адам­заттың тағдырын биік қойған, жастайынан ауыр дертке шалдықса да, өмірді өзгерткісі келген, ізгілік шырағын әр жанның кеудесіне жағып кетуге асыққан өрімдей жастың арзу-арманы көрерменді бейжай қалдырмайды.

Пьесаның авторы, театрдың көркемдік жетекшісі Рахымжан Отар­баев: «Заманауи тақы­рыпта бір дүние жазу көптен ойым­да жүрген еді, – дейді. – Кешегі тоқсаныншы жылдардағы бизнес әлемінің көрген қиын­дықтары, жеткен жетістіктері жөнінде жаңа ой айтқым келді. Сүлейменді өзім көрген жоқпын, бірақ өмірден өтіп кеткеннен кейін көп естідім. Жас азаматтың, болашақ үл­кен тұлғаның жиырмадан енді асқан жасында бес мың адамды жұмыспен қамтыған үлкен кәсіпорынды басқарғанының өзі көп нәрседен хабар бергендей болды. Шетелден оқып, көріп келген тәжірибесін туған жерінің игілігіне ар­науға асыққаны тағы бар. Кі­шіпейілділігін, адамдығын қарауында істегендер әуезе қылып айтады. Әкесі Ибрагим Ақдрашев та елге белгілі азамат. Қаншама болсам, толсам деген жастар осылай өкіндіріп кетіп жатыр. Шетелден оқып келген қаншама жас буынның әрқайсысының өзіндік тағды­ры бар. Осыларды ортақ образ қылып алдым», дейді. 

Спектакльге Сүлейменнің Түр­киядағы достары мен ұс­таз­дары арнайы келді. Фран­цуз тілінен сабақ бер­ген­ мұғалімі Шадие Түлү «Сабақты мен айтайыншы» деп үнемі қолын көтеріп отыратын елгезек қазақ баласының кейпі есінде қалғанын айтады. «Түсінбей қалғанын сұраудан именбейтін. Білгісі келіп тұратын. Мұғалімдері Сүлейменнің осы қасиетін жоғары бағалайтын еді. Өмір­ден өткені жайлы әлеуметтік желі­ден оқып, қайғырып қал­­дық. Өте өкінішті жайт. Қойылымды көріп отырып, ақылды оқушыммен бір сәтке болса да қауышқандай әсерде болдым. Дүниеде жақсылық ұмытылмайды, жақсы адам­дардың аты өшпейді. Осындай жас ғұмырдың үзілгеніне қайғырып, өнер туындысына арқау еткендеріңізге тәнті болдым», деді ол.

«Жасын ғұмырды» Анка­радағы Гази универ­ситетінде қазақ әдебиетінен дәріс бе­ретін академик Жәмила Кы­на­джы да тамашалады.­ «Түркия мен Қазақстан ара­сын­дағы әдеби-мәдени бай­ланыстардың тамыры жыл санап тереңдеп келеді, – дейді жас ғалым. – Қазақ әде­биетінің шоқтығы биік тұл­ға­ларының шығармалары түрік тіліне аударылды. Қа­зақ­тың ұлттық бейнесін көркем әдебиетінен де, театрдағы қойылымдардан да анық аңғаруға болады. Бүгінгі спектакльден болашағынан зор үміт күттірген жас аза­маттың тағдырын, бизнес әле­міндегі ішкі қайшылықтар мен келісімдерді көрдік».

Махамбет атындағы Атырау облыстық қазақ драма театрының жас та талантты режиссері Жанат Телтаевтың қолтаңбасы ол сахналаған әр қойылымнан анық көрініс табады. Бұл жолы да солай болды. Суретші Темірбек Мұқтаровтың, Сүлеймен рөлінде ойнаған Нұрбек Съезхан, бас­ты рөлдердегі Сәбит Қожабеков, Гауһар Қабиева және Сүлейменнің бала кезін шебер көрсете білген Нұржан Бақытжанұлының актерлік ойындары түркиялық көрерменді де тәнті қылды. 

Айта кетейік, Атырау теа­тры­ның өнер сапарына Қа­зақстанның Түркиядағы ел­шілігінде дипломатиялық қызметте жүрген Мәлік Отар­баевтың қосқан үлесі зор. Қазақ тілінде қойылған спек­такльдердің түрікше нұсқасы арнайы экран арқылы көр­сетіліп отырды. 

Сондай-ақ театр Түркияның Аф­шин қала­сында Мә­лік Отар­­баевтың драматур­гия­­дағы алғашқы ізденісі – «Баянды бақ» пьесасын қой­ды. Елбасының «Бола­шақ­қа бағдар: рухани жаңғыру» бағ­дарламалық мақаласы аясын­дағы «Жаһандағы қазақ­стан­дық мәдениет» жоба­сы бойынша жолға шыққан Аты­рау театры бір апта бойы Түркия қалаларында өнер көр­с­етеді. 

Бақытгүл БАБАШ,
«Егемен Қазақстан» –
Анкарадан (Түркия)

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

14.08.2018

Дзюдошы қыздар үш жүлде алуды көздеуде

14.08.2018

Делдалшылар көмір бағасын қолдан жасап отыр

14.08.2018

Астанада «Сергек» камераларының көмегімен 2 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталған

14.08.2018

Құқықтық талапты сақтаса шетел телеарналарына шектеу жоқ - Дәурен Абаев

14.08.2018

БҰҰ Бас хатшысы Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қоюын құптайды

14.08.2018

Қорытынды көрсеткіштер көңілге қонымды

14.08.2018

Қара жолдың қасиеті

14.08.2018

Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына арналған көрме-байқауы өтті

14.08.2018

Қажымұқан көтерген тас

14.08.2018

Арал аумағында атқарылар шаруа көп

14.08.2018

«Хрущевкалардан» құтылудың тиімді тетігі

14.08.2018

Оқулық шығаруда олқылықтарға жол берілмеуі қажет

14.08.2018

Байзақ батыр кесенесі

14.08.2018

Жеті айдың қорытындысы бойынша экономикалық өсім 4% құрады — ҚР ҰЭМ

14.08.2018

Ұлы Абайдың туған күні тұңғыш рет Ташкентте тойланды

14.08.2018

Шәкәрімнің үш анығы

14.08.2018

Қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар саны өсуде

14.08.2018

Цифрлы қаржы: тез, арзан, тиімді

14.08.2018

Дулат Исабековтің кітапханасы ашылды

14.08.2018

Бекболат Әдетов шыққан белестер

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Аграрлық саладағы болашақ мамандықтар

Сарапшылардың болжамдарына қарағанда, әлемдік аграрлық салада 15-20 жылдың ішінде революциялық өз­герістер жүзеге асырылады. Жаңа тех­нологиялардың шапшаң қарқынмен дамуы, ғарыш кеңістігін игеруге көптеген елдердің құлшыныс танытуы, гендік инженерия ықпалының күшеюі, азық-түлікке сұраныстың артуы, бос жатқан жерлердің азаюы секілді факторлар әлем бойынша жаңа технологиялармен қаруланған жаңа тұрпатты ауыл ша­руашылығын қалыптастырады. Сөйтіп ауыл шаруашылығы өзгерістерге барынша баяу бейімделетін ең консервативті сала деген бұрынғы түсініктің көбесі сөгіледі.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Бесінші саммит және Каспий «бестігі»

Кеше Ақтау қаласында Каспий маңы мем­лекеттері басшыларының Бесінші саммиті өтті. Аса маңызды халықаралық жиынға Қазақ­станның, Ресейдің, Әзербайжанның, Иранның және Түрікменстанның президенттері қатыс­ты. Тараптар Каспий теңізінің құқықтық мәрте­бесі, теңізде экономика, көлік-транзит, эколо­гия, қауіпсіздік және басқа да салалар бойын­ша ынтымақтастық орнату мәселелерін талқылады. 

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Шалдың баласы

Қазақ менталитетінің өзіне тән тағы бір ерекшелігін айқындап, бекзат болмысын ажарлап әмбе сақтап келе жатқан әдет-ғұрыптарының бірі отбасындағы үлкен баланы, әсіресе ұлдың тұңғышын ата-әжесінің бауырына салу дер едік. Ол атасының баласы болып өседі. Шалдың баласы құдайдың еркесі, оны ешкім бетінен қақпайды. 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Халық санының артуы – елге құт

Халық санының артуы Қазақстан сияқты жер көлемі үлкен, халық саны аз мем­лекеттерге ежелден маңызды мәселе­лердің бірі болып келеді. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу