Қазақстан • 24 Қараша, 2017

Аққыз аманатын арқалап...

993 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Бүгінге дейін Арқаның Аққызы деп келген едік. Енді Алаштың Аққ­ызы дей алатынымызды білдік. Бір замандарда Арқадағы шертпе күй өнерінің шежіресі мен шерін айтуға тыйым салынған бо­латын... Ауыз толтырып айта алмауымыздың себебі – содан. Ба­тыста Дина болса, Арқада Аққыз. Бұлай жүйелеуді Жүз­бай­дың жампоз Жанғалиы да, Тұрысбектің Секен серісі де құптайды. 

Аққыз аманатын арқалап...

Таяуда Қарағанды шаһары күйші, атақты халық композиторы Аққыз (Мүгүлсім) Ахмет­қ­ы­зының туғанына 120 жыл толуына орай тамаша кеш осы жайттарға куә қылған.

Домбыраның даңқын асқақ­тат­қан ақ әженің құрметі үшін ұйым­дастырылған өрелі кешке өнер саңлақтарының талайы жиналды. Шараға шыр-пыр болып жүрген күйшінің ұр­пағы, өнер жанашыры Болат Тәкішев есімді азамат. Екі күн­ге созылған шаралар шеруі әуе­лі Кеншілер мәдениет сарай­ында баспасөз мәслихатынан бас­тау алды. Ол келелі жиынға Қазақстанның еңбек сіңірген қай­раткері, «Құрмет» орденінің ие­гері, өнертанушы, күйші Жар­қын Шәкәрім бастаған ұлық өнердің рухани уәкілдері қа­тысты. – Кезінде Сәкен Сей­фуллин, Қали Байжанов, Ма­нарбек Ержанов, Мағауия Хамзин, Күләш Байсейітова сынды талант иелері өнерін ерекше бағалап, ХХ ғасырдағы дүл­дүл күйші, халық композ­и­то­ры Аққыз анамыздың алдында болып, 1967 жылы өнерімді көр­сетіп, батасын алған едім.

Ен­ді міне 50 жыл өткенде Жан­ға­ли бауырымның жанында жү­ріп, Арқаның керемет шертпе күй­шілерінің ортасында болып мен де сахнаға шығып, үш ішекті домбыраммен күй орындап бердім, – дейді Жарқын Шәкірім. Ол небәрі жиырма жасында Аққыз күйшіден барып сұхбат алғанын айтады. Осы­дан елу жыл бұрын «Ор­талық Қазақстан» газетінде жа­рияланған сол сұхбатты еске ала отырып: – Алдына барған музыкалық училищенің (қа­зіргі Тәттімбет колледжі) сту­­денті, «Апа, күйіңізден үй­ре­тіңіз?» десем, «Біздің күйді қоя тұ­рып, әуелі Тәттімбет бабаңның күй­лерін үйрен» деп, Тәтекеңнің екі-үш күйінен соң барып, өзінің күй­лерін тартып, көрсеткен еді, дейді тағы.

Қазақстанның еңбек сіңір­ген қайраткері, Қазақ ұлттық өнер университетінің профес­соры, дәулескер күйші Жан­ға­ли Жүзбаев болса, Аққыз Ахмет­қы­зының күй өнері туралы жазып, құрастырған «Мұңды қыз» кітабының тұсауын кесіп, кешті тізгіндеді. «Мұңды қыз» – Ақ әженің өз күйі. 14 күйі нотаға түсіріліп енгізілген екен кітапқа. Күйшінің шығармашылық мұрасының ерекшеліктері мен композиторлық кеңістігі жайлы тақырып мазмұны «Арқаның Аққызы» күй кешінде ашыла түсті. «Болашақ» баспасында қатталған қалың кітаптың іші қазына мен байлыққа сықап тұр.

Күй кешіне әдетте халық жи­нала бермейді. Ал аталмыш кешке Арқадан ағыл-тегіл жұ­рт

жиналған. Шертпе күй ше­бе­рінің күйлерімен бірге әндері шыр­қалды. Абыз кешті Ақын Дәулеткерей Кәпұлы Ақ әжеге ар­наған өлеңімен ашып, ол өлең Аққыздың күйші Қалкен Қа­сымов тартқан «Жетім қыз» күйі­мен жалғасып жатты. Ақ­қыз мектебінің ақ қыздары Гүл­нар Шәріпова, Күлмара Ра­хымбекова шерткен күйлер де шер мен шаттыққа қатар ойы­сып отырды. «Тоқырауын тол­қындары» ха­­­лықтық ән-би ан­самблі С.Ақ­сұң­қарұлының «Шай­тан­кө­­лі» мен А.Жұма­шев­тің «Ән ме­­кені – Ақтоғайын» орындады. Об­лыстық «Күй керуен» шертпе күй орталығының төрағасы, күй­ші Қайролла Сәдуақасов Ақ­қыз «Қосбасарының ІV түрін» тар­т-

са, Тәттімбет атындағы өнер колледжінің оқытушысы, күй­ші Мадияр Сүлейменов «Қар­шы­ғалы кезім-айын» шертті.

Қазақ ұлттық ән өнерінде де өзгеше өрнек қалдырған Ақ­қыз күйшінің «Сағыныш» әнін классик әнші Дәуренбек Әр­кенов шырқап салса, Балжан Серік­болқызы «Қайран елім» күй­ін күңірентті. Өнертану ғылы­мының магистрі Манап Анық­беков тартқан Аққыз «Қос­ба­са­рының І түрі» де сәтімен шық­ты. Бұдан кейін Ақтоғай ауда­нындағы Аққыз атындағы ба­ла­­бақшаның тәрбиеленушілері өнер көрсетті. Ақ әжеге арналған өлең­дер оқып, күйшінің әнін сал­ды. Амантай Жұмашев пен Нұ­рай Танабаев «Ақтоғай – алтын бе­сігім» әнін орындаса, кешті еліміздің Еңбек сіңірген әртісі, күйші, композитор Секен Тұрысбек «Ақ жауын» күйімен түйіндеді.

 

Мирас АСАН,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды облысы