Қазақстан • 24 Қараша, 2017

Венгр-Тұран қорының төрағасы «Әзiрет Сұлтан» музейiнде болды

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне Венгрия антропологиялық институтының профессоры, Венгр-Тұран қорының төрағасы Андраш Жолт Биро келді.   

Венгр-Тұран қорының төрағасы «Әзiрет Сұлтан» музейiнде болды

Көптеген жылдан бері қазақтар мен мажарлардың туыстық қарым-қатынасын зерттеп, түркі халықтарының тарихы туралы ғылыми зерттеулермен айналысып келе жатқан əйгілі антрополог Қожа Ахмет Ясауи кесенесін аралап, «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің тыныс-тіршілігімен танысты. 
Рухани байлығы, тарихи тереңдігі орасан қасиетті мекенді түркі жұртының басын біріктірер тарихи қазына деп бағалаған Андраш Биро ғылыми бағытта Қазақстанның барлық музейлерімен байланыс орнату көптеген игі істерге жол ашқандығын жеткізді.

Антрополог өз сөзінде «Мажарстандағы антропология институты – ең ірі ғылыми орталықтардың бір бөлігі саналса, әр ғасырға сәйкес жекелеген ұлттар мен ұлыстар бойынша мәліметтер жинақтап, Орталық Азияның антропологиялық базасын түзу де тарих үшін маңызды» деп атап өтті. 
Андраш Биро басшы­лығындағы орталық – Кейкі батыр бас сүйегін зерттеу жəне Әбілқайыр ханның да антропологиялық бет-әлпетін жасау еңбектерімен етене таныс.

Түркістанға жасалған сапар барысында Андраш Биро «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық музейі аумағында шоғырланған тарих тұлғалары жайында да ой бөлісті.