Аймақтар • 24 Қараша, 2017

Қызылордада «Аналар аллеясы» ашылды

1021 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қала тұрғындарын Бегім ана көшесіндегі "Ана бақыты" ескерткіші жанынан бастау алатын аллеяның ашылуымен құттықтады.

Қызылордада «Аналар аллеясы» ашылды

"Ұлтымыздың арғы-бергі шежіресінде еріне адал жар, баласына ардақты ана болуымен ұрпаққа өнеге, отбасына ұйытқы, ұлтқа ұран болған Аналарымыз баршылық. Тарихтың қай парағын ақтарсаң да қаны асыл, жаны текті апа-аналарымыздың өнегелі ісі, айшықты жүзі мен ғибратты сөзіне қанасың. Бегім сұлу, Құртқа, Қыз Жібек, Қарашаш, Айман, Домалақ ана сияқты ақылы асқан, дана апа-Аналарымыздың бейнесі асыл мұра ретінде ұрпағының санасында. Бұл жер анасы мен баласының, отбасылардың демалып, тәрбиелік мәні бар кездесулер өткізетін, Елбасының айтуынша, «Алаштың анасы – Сыр өңіріндегі» бірден-бір сүйікті орнына айналуына тілектеспін", - деді облыс әкімі.  

Анықтама үшін: Аллея құрылысына «Абзал и К» компаниясы 44 млн. теңге бөлді. «Ана бақыты» ескерткішінің авторы мүсінші Ағабек Назаров, биіктігі 5,5 метр.

Қызылорда облысында 34700 көп балалы ана бар. Оның 17742  "Алтын алқа" және "Күміс алқа" иегері.