Ол Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.
Ермұхамет Ертісбаев Қазақстан тәуелсіздік алғанда Қазақстан жоғары кеңесінің депутаты, кейін социалистік партия хатшысы болды. Әр жылдары президент әкімшілігінде әртүрлі қызметтер, министр, бірнеше мәрте президент кеңесшісі міндетін атқарды. Ол 2008 жылы үшінші мәрте президент кеңесшісі қызметіне тағайындалған. Бұл қызметін ол Грузиядағы елші болғанға дейін атқарған