Юрий Алматының ЦСКА-сының тәрбиеленушісі. Ол 17 жасында кәсіби футболда дебютті кездесуін өткізген. Перцух өзінің тәлім алған клубынан бөлек, Бірінші Лигада елордалық «Бәйтерек» және петропавлдың «Қызыл Жар СК» сапында өнер көрсеткен.
2017 маусымда 21 жасар жартылай қорғаушы оралдың «Ақжайық» командасында Қазақстан Премьер-Лигасында өнер көрсетті. Осы маусымда Перцух клуб сапында Премьер-лига мен Қазақстан Кубогында 26 матч өткізіп, 2 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген. Бұл көрсеткіш бойынша командадағы ең үздіктердің бірі болды.
Юрий 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының сапында өнер көрсетіп, осы маусымнан бастап жастар құрамасына шақырту алды. Ол жасөспірімдер құрамында 9 ойын өткізіп, оның бесеуін Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде өткізген.
Қазақстан жастар құрамасының шабуылдаушы жартылай қорғаушысы Юрий Перцух Қазақстанның төрт дүркін чемпиондары «Астана» футбол клубымен еңбек шартына қол қойды.
Сенаторлар «Келешек» жинақтау жүйесіне қатысты заңды мақұлдады
Сенат • Бүгін, 22:00
«AMANAT»-та «Ұлы дала» әдеби байқауы қорытындыланды
Руханият • Бүгін, 21:52
Деректер журналистикасы бойынша оқу курсының таныстырылымы өтті
Аймақтар • Бүгін, 21:00
Мемлекет басшысы Талдықорғандағы Үстел теннисі орталығын аралап көрді
Президент • Бүгін, 19:45
«Egemen» де, домбыра да сыйлады
Руханият • Бүгін, 19:30
Қасым-Жомарт Тоқаев «Жетісу» волейбол клубының жай-күйімен танысты
Президент • Бүгін, 19:00