08 Қараша, 2011

Мүдделестік ахуалдағы кездесу

328 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Шанхай ынтымақтастық ұйымы Үкімет басшылары кеңесінің отырысы аясында Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің Премьері Вэнь Цзябаомен кездесті. Кәрім Мәсімов пен Вэнь Цзябао екіжақты қарым-қатынас, ШЫҰ-ны дамыту және өзара мүдделі басқа да мәселелер бойынша пікір алмасты. Кездесу барысында ҚХР Мемкеңесінің Премьері В.Цзябао ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығымен құттықтады. «Жақында елдеріңізде Тәуелсіздіктің 20 жылдығы тойланады. Осыған орай Қытай Үкіметінің және халқының атынан сізге және дос­тас барша Қазақстан халқына жүрекжарды құттықтауымды білдіргім келеді», – деді Вэнь Цзябао.