08 Қараша, 2011

Еларалық ынтымақтастықтың көрінісі

312 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Кеше Сыртқы істер министрлігінде аталған ве­домствоның ресми өкілі, Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары Алтай Әбибуллаевтың қа­тысуымен кезекті апталық брифинг өтті. «Бүгінгі дәстүрлі бас­па­сөз мәслихатымызды 7 қа­ра­шада Санкт-Петербург қа­ласында ашылған Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекет­тер­дің Үкімет басшылары ке­ңесінің (ШЫҰ ҮБК) кезекті отырысынан бастауды жөн санадым», деп бастаған А. Әбибуллаев бұл отырысқа Қазақстан Республикасы Пре­­мьер-Министрі Кәрім Мәсімов қатысқанын атап өтті. Шанхай ынтымақ­тас­тық ұйымы Үкімет бас­шы­лары кеңесінің барысында әлемдегі және Ұйым ке­ңіс­тігіндегі экономикалық ахуал бойынша пікір алма­сы­лып, Ұйымға мүше мемлекеттер арасында эконо­ми­ка­лық және гуманитарлық салада ынтымақтастық пен өз­ара әрекеттесуді жандан­ды­руды әрі қарай дамыту мә­селелері талқыланған. Брифинг барысында 7-11 қараша аралығында ЭКСПО халықаралық қөрмесін 2017 жылы Астанада өткізу үшін қазақстандық өтінімді та­ныс­тыру рәсімімен Қа­зақ­стан Сыртқы істер ми­нис­трлігінің Жауапты хатшысы Рәпіл Жошыбаевтың Оң­түс­тік Африка Республикасына сапары өтетіндігі айтылды. Тұсаукесер шара аталмыш мемлекеттің үш қаласында «Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен екі мемлекет арасындағы қатынас­тар­дың болашағы» атты конференция аясында ұйым­да­с­ты­рыл­мақ. Сапар барысында Мемлекет басшысының Оң­түстік Африка Республи­ка­сының Президентіне жол­дауын тап­сыру мақсатымен және Қа­зақстан мен Оң­түстік Африка Респуб­ли­ка­сы ара­сын­да­ғы ынтымақ­тастықтың кө­кей­кестi мәсе­лелерін тал­қылау мақса­тында осы елдің Сыртқы істер министрлігінде Рәпіл Жошыбаевтың кездесуі жос­парланған. Ресми өкілдің хабардар етуінше, 10-11 қараша күн­дері ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар жөніндегі жоғарғы комис­сары Кнут Воллебектің Қа­зақстанға жұмыс са­пары болады. Сапар бары­сында мейманның ҚР Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаевпен, Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановпен және басқа да мүдделі министрліктер мен ведом­ство­лар­дың басшыларымен, Қа­зақстан халқы Ассам­блея­сының жетекшілерімен кездесулері жоспарланған. Сон­дай-ақ, дәл осы күндері Венада «Білім бастамалары және хабардарлылықты жо­ға­рылату жөніндегі бастамалар арқылы нәсілшілдікті, ксенофобияны және өшпен­ділік салдарынан жасалатын қылмыстарды болдырмау» тақырыбындағы ЕҚЫҰ-ның адами өлшемі бойынша қо­сымша отырысы өткізіледі. Аталған шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының, Пар­ламент Мәжілісінің, Бас про­куратураның өкілдері мен Венадағы халықаралық ұй­ымдар жанындағы тұрақты өкілдіктің дипломаттары қа­ты­сады. «Егемен-ақпарат».