Қазақстан • 28 Қараша, 2017

Дін қызметкерлі жат ағымдармен күрес мәселесін талқылады

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкіл имамдарымен кездесті.

Дін қызметкерлі жат ағымдармен күрес мәселесін талқылады

Басқосуға діни басқарма төрағасының орынбасарлары Серік Ораз бен Наурызбай Өтпенов, «Уақып» қазақстандық корпоративтік қайырымдылық қорының президенті Қайрат Айтбай қатысты.

Дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, мемлекеттік-конфессияаралық қарым-қатынастарды дамыту мақсатындағы шарада елдегі этносаралық және конфессияарлық келісімді сақтау үшін діндар азаматтарды байыптылық пен тағаттылыққа дағдыландыру қажеттігі айтылды. Сонымен қатар, кездесуде Мемлекет басшысының 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы, мемлекет пен ҚМДБ бірлесіп діни радикализм мен экстремизмнің алдын алу, жастардың бойында деструктивті діни ағымдарға қарсы иммунитетті қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Жиында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшылығы дін саласындағы мемлекеттің саясатын қолдайтынын айтып, министрліктің діни қызметшілердің біліктілігін көтеру мәселесіне ерекше көңіл бөліп отырғандығына ризашылықтарын білдірді.