Аталған оқиға Қазақстан үшін өте маңызды және өнімдердің, көрсетілетін қызметтердің, процестердің сапасын арттыру үшін үлкен мүмкіндіктер ашады. Атап айтқанда, ТМД елдерінің ішінен Қазақстан бүгінгі күні осы тәрізді келісімге алғашқы қол қоюшы болды.
Аталған Менеджмент жүйесін сертификаттау бойынша аккредиттеу органдары жөніндегі IAF MLA көпжақты тану туралы келісімге қол қою алдындағы уақытқа шамалы көз жүгіртсек. Баршаға мәлім, Мемлекет басшысы кәсіпкерлердің форумында саудадағы техникалық кедергілерді азайту бойынша міндет қойды. IAF және ILAC сияқты ұйымдар әлем елдері арасында аккредиттеу нәтижелерін өзара тануды қамтамасыз етеді.
ҰАО IAF-қа кіру бойынша жұмысты 2009 жылы IAF PAC (Аккредиттеу жөніндегі Тынық мұхиты ынтымақтастығы) өңірлік ұйымына өтініш бере отырып бастады. Үш жыл бойы РАС сараптамалық бағалаушылар тобы арнайы дайындаған ҰАО бағалауы жүргізілді. РАС бағалаушылар тобы ҰАО-ға келіп, өнімдерді сертификаттау жөніндегі органдарды аккредиттеу процесін, менеджмент жүйесін тексерді, персоналдың біліктілігін айқындады. ҰАО осы тәрізді рәсімнен 2016 жылы персоналды сертификаттау бойынша органдарды және менеджмент жүйесін сертификаттау жөніндегі органдарды аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құзыреттілігін бағалау бойынша өтті.
Сонымен бірге ҰАО ILAC тарапынан бағалаудан өтті және 2010 жылы ILAC-пен сынақтар және калибрлеу бойынша келісімге, 2012 жылы PAC-пен өнімдер бойынша келісімге қол қойды, бүгін онда Азия-Тынық мұхиты өңірінің 26 елі кіреді. Бұлар АҚШ, Үндістан, Австралия, Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері. Еуразиялық өңірден тек қана Қазақстан. ҰАО содан соң IAF-қа мүшелікке тікелей өтініш берді.
Осындай ұйымдардың тәжірибесінде олардың РАС-тың аталған жағдайында өздерінің өңірлік ұйымына сенетіндігі айқындалған. Одан әрі 2014 жылы ҰАО өнімдерді сертификаттау жөніндегі органдарды аккредиттеу нәтижелерін өзара тану туралы көпжақты IAF келісіміне қол қоюшы болды және 2017 жылы менеджмент жүйесін сертификаттау жөніндегі органдарды аккредиттеу нәтижелерін өзара тану бойынша көпжақты IAF келісіміне қол қоюшы болды (кіші сала – ISO 9001).
IAF-қа тең құқылы мүшеліктің және көпжақты тану туралы келісімге қол қоюдың қандай артықшылықтар беретіндігін түсіну үшін, сәйкестікті бағалау әлеміндегі IAF-тың маңызы мен рөлі туралы шамалы айта кетсек.
Аккредиттеу жөніндегі халықаралық форум IAF 1993 жылы саудадағы техникалық кедергілерді жою арқылы елдер арасындағы еркін сауданы алға ілгерілету мақсатында құрылды. Бүгін ол әлемнің 62 елінің аккредиттеу жөніндегі 69 органын біріктіреді. Форумның басты мақсаты өнімдердің, көрсетілетін қызметтердің, менеджмент жүйесінің, персоналдың сәйкестігін бағалау нәтижелеріне сенімділікті қамтамасыз ету арқылы кәсіпорындар мен түпкі тұтынушылар үшін қауіп-қатерді азайтатын сәйкестікті бағалаудың бірыңғай жаһандық бағдарламасын әзірлеу болып табылады.
Қазақстан ДСҰ-ға мүше ел ретінде саудадағы кедергілерді жою бойынша шараларды қабылдауы тиіс және Қазақстан ДСҰ-ның ұсынымдары бойынша IAF және ILAC сияқты ұйымдарға қатысу арқылы аккредиттеудің ұлттық жүйесін халықаралық тануды қамтамасыз ету міндеттемесін алды. IAF-тың алдында тұрған екінші міндет – бұл IAF мүшелері арасында аккредиттеу нәтижелерін өзара тану және «бір күні сертификатталса – барлық жерде танылды» қағидаты бойынша бір аккредиттеу негізінде өнімдердің, көрсетілетін қызметтердің, менеджмент жүйесінің, персоналдың сәйкестігін растау бойынша құжаттардың халықаралық нарығында одан әрі тану үшін жағдайлар жасау.
IAF-тың негізгі функциясы – бизнес үшін қауіп-қатерді азайтатын сәйкестікті бағалаудың бірыңғай дүниежүзілік бағдарламасын дамыту. Аккредиттеу пайдаланушыларға аккредиттелген органның құзыреттілігі мен объективтілігіне кепілдік береді. IAF мүшелерін ұйымның басқаруының тиісті стандарттарға өнімнің немесе персоналдың сәйкес келетіндігін куәландыратын сертификаттар беретін сертификаттау жөніндегі органдарды аккредиттейді.
IAF өзінің алдына екі басты мақсатқа жету бойынша міндет қояды:
1) IAF мүшелерінің құзыретті екендігінің және мүдделер қақтығыстарына ұшырамайтындығының кепілдігі;
2) Көпжақты тану туралы келісім жасау (Multilateral Recognition Agreement – MLA) – аккредиттеу туралы құжатқа бүкіл әлемде сенуге болатындығына кепілдік.
IAF бүкіл әлем бойынша сәйкестік сертификаттарын тануға мүмкіндік беретін бірыңғай жүйені құру үшін шаралар қабылдайды. MLA саудадағы техникалық кедергілерді жоя отырып, халықаралық сауданың еркін болуына көмек көрсетеді. IAF әлемнің бір бөлігінде сәйкестік туралы сертификаты болатын компанияларға әлемнің кез кезген нүктесінде танылатын мүмкіндік беретін бірыңғай жүйеге қол жеткізудің ең тиімді тәсілін іздестіру үшін күш салады.
Қазақстанда 2017 жылғы 16 қарашаға қарасты жағдай бойынша Аккредиттеу субъектілерінің тізілімінде менеджмент жүйесінің сәйкестігін растау бойынша 73 орган тіркелген. Менеджмент жүйесінің сәйкестігін растау жөніндегі қазақстандық органдар ҚР СТ ISO/IEC 17021-1-2015 «Сәйкестікті бағалау. Менеджмент жүйесінің аудитін және сертификаттауды жүргізетін органдарға қойылатын талаптар. 1-бөлік. Талаптар» стандартына сәйкестігіне аккредиттелген.
Аккредиттеу саласына сәйкес, менеджмент жүйесінің сәйкестігін растау бойынша органдар сапа менеджменті жүйелерінің (ҚР СТ ISO 9001), экологиялық менеджмент жүйелерінің (ҚР СТ ISO 14001), кәсіби қауіпсіздік және денсаулық жүйелерінің (ҚР СТ OHSAS 18001) және НАССР қағидаттары негізінде сапаны және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін басқару жүйелерінің (ҚР СТ ИСО 22000, ҚР СТ 1179), ақпараттық қауіпсіздік менеджменті жүйелерінің (ҚР СТ ISO/IEC 27001), энергия менеджменті жүйелерінің (ҚР СТ ИСО 50001) сәйкестігін бағалауды жүзеге асырады.
ҰАО қазіргі уақытта аккредиттеу саласында сапа менеджменті жүйесінің сәйкестігін бағалайтын сәйкестікті бағалау органдарымен IAF MLA үйлестірілген белгісін қолдану құқығын ұсыну бойынша шартты келісу және жасау бойынша жұмыс жүргізуде.
СМЖ СРО-ға арналған MLA үйлестірілген белгісі:
- IAF MLA белгісі,
- ҰАО-ның логотипі,
- аккредиттелген СМЖ СРО-ның тіркеу нөмірі.
ҰАО IAF пен ҰАО арасында жасалған лицензиялық келісімнің негізінде IAF MLA бірлескен белгісін пайдаланады. IAF MLA бірлескен белгісін пайдалану IAF ML 2 құжатында белгіленген ережелермен реттеледі және ҰАО қол қоюшы тарап болып табылатын IAF MLA саласына сәйкес болуы тиіс.
Үйлестірілген белгіні СМЖ СРО IAF MLA кіші саласына қатысты аккредиттелген қызмет шеңберінде берілген сәйкестік сертификаттарына ғана пайдалана алады.
IAF MLA үйлестірілген белгісін СМЖ СРО ҰАО-ға таралатын IAF MLA кіші саласына және негізгі саласына кіретін СМЖ СРО аккредиттелген қызметі шеңберінде жұмысқа берілетін ұсыныстарда, баспа бланкілерде, сәйкестік сертификаттарында пайдалана алады. Үйлестірілген белгі өніммен немесе өнімдерде пайдаланылмайды.
IAF-қа мүшелік өнімдердің экспорты кезінде өндірушілердің шығындарын азайту сияқты басымдық ұсынады. Осы қадамдардың барлығы экспорттық нарықтарда отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруы тиіс. IAF-қа мүшелік, басқа да шаралармен қатар, өнімдерді, сапа менеджменті жүйесін, персоналдың өзге елде стандарттардың және НҚА-ның талаптарына сәйкестігін растау рәсімдерін қайтадан өткізу қажеттігін азайту немесе жою есебінен өнімдерді, сапа менеджменті жүйесін сертификаттауға жұмсалатын өндірушілер мен экспорттаушылардың қаржылық уақытша шығындарын азайтуға ықпал ететін болады.
ҰАО қазақстандық нарықтағы сияқты, халықаралық деңгейде де сәйкестікті бағалау нәтижелеріне тұтынушылар және бизнестің тарапынан сенімділікке қол жеткізу бойынша жұмысты жалғастыруда. Кез келген тұтынушы, тауарды сатып ала немесе ҰАО белгісі немесе IAF MLA үйлестірілген белгісі бар сәйкестік сертификатымен көрсетілетін қызметті ала отырып, оның қауіпсіздігі мен жоғары сапасына сенімді болуы тиіс. Біздің басты мақсатымыз – аккредиттеу нәтижелеріне тұтынушы тарапынан сенімділікті қамтамасыз ету.
Айтмұхан МУСИН,
Инвестициялар және даму министрлігі
Техникалық реттеу және метрология комтитетінің
«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС
бас директорының орынбасары