Қазақстан • 29 Қараша, 2017

Азаматтардың құқын қорғау жеңілдейді

410 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қиындықтың салма­ғы әр­кімнің басына­ іс түскенде бі­ліне­­ті­ні бар. Ал өз құ­қын қор­ғау үшін са­был­ған жұрт­тың әр құ­жат, әр анық­та­ма үшін әр есікті қа­ғып, сергелдеңге түсе­ті­ні та­ғы белгілі. Сон­дық­тан құқықтық қо­ғам құ­рып жатқан біздің елде азаматтар үшін құ­қық қорғау ісін барынша жеңілдету қолға алын­ған. Бұл құ­қықтық ре­фор­­ма­ның маңызды бөлі­гі еке­ні айқын.

Азаматтардың құқын қорғау жеңілдейді

Тұрғындарға бұл істе про­ку­рорлар мен сала ма­ман­­­дарының кеңе­сі жетіс­пей жатады. Қостанайда ашыл­ған Құқық қорғау қыз­мет­тері орталы­ғы енді осындай қиыншылық­тарды артқа тас­тайтын бола­ды. Еліміздің Бас про­ку­ро­рының бастамасымен ашылып жатқан ор­та­лық­тар азаматтарға құ­қық қорғау ісінде жақсы қо­лай­лылық туғызады. Бас прокуратураның Астана­дағы ғимаратында ашылған осындай орталық өз жемісін беріп отыр. Үш айдың ішінде оған 2,5 мың адам келіп, құқығын қорғауда көмек пен кеңестер алған. Сонымен қа­тар Ақтөбе, Қызылорда қала­ларындағы Құқық қорғау қыз­меттері орталықтарына ай сайын шамамен 200 адам ке­леді. Қазақстандағы төртінші орталықтың ашылу салтанатына Бас прокурордың орынбасары Марат Ахмет­жанов арнайы келіп қатыс­ты.

– Тұрғындардың кабинет­тен кабинетке жүгіріп сен­делмей-ақ, «бір терезе» ұста­нымымен бір жерден құ­қықтық қызмет көмегіне жү­гінуіне мүмкіндік туды. Ке­лушілерге нотариус, адвокат, медиатор, салық саласы қызметкерлерінің, психолог мамандардың кө­мегі көрсетіледі. Бұл мем­лекет­тік және құқық қорғау органдарына азамат­тардың се­німін арттыру болып табылады. Бұдан былай қыл­мыстық процестер элек­тронды цифр­­ландырылады да, азаматтар осы ара­дан-ақ көмек ала алатын болады, – деді Марат Мұратұлы.

Орталықта кезекші про­ку­­­рорлар азаматтардың әлеу­­­­­­мет­тік-экономикалық арыз­шағымдарын, әкім­ші­лік өн­­діріс, сотқа дейінгі тер­геу мен азамат­тық және қыл­мыстық істер­дің сот барысы тергеуі мәсе­ле­лерін қа­райды. Кез келген азамат алдын ала жазылмай-ақ  орталыққа келіп, қажетті заңды кеңесін алып, арыз-шағымын бере алады. Ма­мандар барлық мәселенің кешік­пей, уақтылы ше­шімін табуға көмек көр­се­теді, кеңес беріп, ба­ғыт­тайды. Құқық  қорғау қыз­меттері орталы­ғында кезекшілік еткен про­курорлардың жедел қажет­тілік үшін аймақтық прокуратура мен өзге де өкілетті органдардан ақпараттар алуға қолжетімділігі сақтал­ған.

Орталықтың ашылуына облыстық әкімдік зор қолдау білдірді, ғимаратты жөндеп, жабдықтауға 13 мил­лион теңге қаржы жұм­салды. Облыс әкімі Архи­мед Мұхамбетов жаңа ны­­сан­­ның құқық қорғау қыз­метінің барлық саласы бо­йынша тұрғындарға көмегі зор болатынына­ сенім­ді еке­нін айтты. Өңір­ басшы­сы мұндай орталық­тар облыс­тың басқа да аудан-­қала­ларында ашыла­тынынан хабар­­дар етті. Қазір ол үшін ғимараттарды жөндеу, басқа да дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

Орталық электронды кезек жүйесімен қамтамасыз етілген. Ал уақыт жоғалтпау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ұсынатын элек­тронды форматтағы қыз­мет алуға да мүмкіндік бар. Кезекші прокурорлар аумақ­тық бөлімшелер мен басқа да өкілетті органдардан негізгі қажетті ақ­параттарды жедел ала алады. Сегіз кабинет келу­шілерге түрлі құ­қық­­тық қызмет көрсетеді. Облыс прокурорының бі­рін­ші орынбасары Марат Әбішев­тің айтуынша, таяу арада мұнда еліміздегі осындай орталықтар арасында бірінші рет онлайн-режім іске қосылатын болады.

 

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,

«Егемен Қазақстан»

ҚОСТАНАЙ

Суретті түсірген

Бағдат АХМЕТБЕКОВ