Қазақстан • 29 Қараша, 2017

Тұрақты тіркеуге тұру және шығару онлайн қызметі іске қосылады

3589 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері ҚР ІІМ тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтің 39 түрінен ведомствоның қызметкерлері 286 ХКО-да және 14 арнайы халықққа қызмет көрсету орталығында тұрғындарға 20 млн жуық қызмет көрсетілген.

Тұрақты тіркеуге тұру және шығару онлайн қызметі іске қосылады

Сондай-ақ қазіргі уақытта ХҚКО-на бармай-ақ электрондық үкімет порталы арқылы тұрақты тіркеуге тұру және азаматтарды тіркеуден шығару механизмін 2018 жылы іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі.

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жақсарту бойынша ІІМ жүйелі шаралар қабылдап отырғанын атап өткен Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, бүгінгі күні Министрлік мемлекеттік қызметтің 39 түрін көрсетеді, ведомствоның қызметкерлері 286 халыққа қызмет көрсету орталығында және 14 арнайы халықққа қызмет көрсету орталығында жұмыс істеуде.

«2017 жылдың 10 айы ішінде азаматтарға 19 млн. 742 мыңнан астам қызмет көрсетілді, оның басым көпшілігі – мекенжай анықтамаларын беру, автокөліктерді тіркеу, халықты құжаттандыру және азаматтарды тұрғылықты және уақытша тұру орындарына тіркеу. Мемлекеттік қызмет көрсетуді жеңілдету және процестерді жылдамдату үшін ІІМ оларды электрондық үкімет порталы арқылы автоматтандыруды белсенді енгізуде. Сонымен қатар 2017 жылдың басында ХҚКО-на бармай-ақ  онлайн режимде «электрондық үкімет» порталы арқылы уақытша тіркеу жүргізу мүмкіндігі туды», дейді Ерлан Тұрғымбаев. Сондай-ақ 1 қарашадан бастап уақытша және тұрақты тіркеу кезінде тұрғын үйге меншік құқығы туралы 2-нысанды анықтаманы талап ету жойылды (тек 25 күн ішінде 138 мың адам тіркеуге тұрды, оның ішінде 115 мың адам – тұрақты тіркеуге және 23 мың адам уақытша тұратын орны бойынша тіркелді). Қазіргі уақытта ХҚКО-на бармай-ақ электрондық үкімет порталы арқылы тұрақты тіркеуге тұру және азаматтарды тіркеуден шығару механизмі пысықталды, оны 2018 жылы іске қосу жоспарланды.

Ақпарат және коммуникациялар, Әділет, Ішкі істер министрліктерінің ақпараттық жүйесін біріктіру негізінде «Электрондық үй кітапшасы» жасалынды, ол әрбір елді мекен бойынша халықтың көшіп-қонуына мониторинг жүргізуді жақсартады, үйдің иесіне оның меншігінде тіркеуге тұрған адамдар туралы мәлімет алуға мүмкіндік бермек