Бір кездері «Біржан-Сара» айтысы болған ба?» – деген сұрақтан басталған даудың соңы «ақын Сараның өзі өмірде болған тұлға ма, әлде қиялдан туған образ ба?» дегенге дейін жеткені мәлім. Айтыстың болған, болмағаны жайлы талас-тартыс әлі де соңғы шешімін айта қойды дей алмайсыз. Ал, Сараның өмірде болғаны жайлы күмәнге орын жоқ.

Нақтырақ деректерге сүйенсек, Сара Тастанбекқызының туғанына 2018 жылы 140 жыл толады. Ақынның жерлестері осы мерейтой қарсаңында бір жақсы жәдігерге қол жеткізді. Осы жазда ғана ақын туған Ақсу ауданы, Қапал ауылындағы музейі тағы бірнеше құнды экспонатпен толықты. Ақынның бірнеше суреті Мәскеуде сақтаулы тұрғаны жайлы дерек біраз уақыт бұрын шыққан. Оны салған осы Талдықорған өңірінің тумасы, 60-шы жылдары Талдықорған облысының бас сәулетшісі болған Маргарита Ващенко (Мәскеуде 2005 жылы қайтыс болған).
Суреттер жайлы ақпарат берген суретшінің қызы Гелия Тимофеева. Шешесінің көзі кеткен соң, отбасылық мұрағатта сақталып келген суреттер мен бірқатар мүсіншелерді Қазақстанға қайтару туралы шешімге келіпті. Анасының аманаты да сол болса керек.
– Анама Сара туралы аңыз қатты ұнапты. Содан ақын туралы терең білгісі келіп, оның туыс-жұрағатын іздейді. Бастапқыда ақын әулетінің ұрпағын салып көреді. Сосын, ең жақын деген туыстарының естеліктеріне сүйене отырып, ақынның бейнесін сомдап шығады. Шешем дүниеден озған соң, артында қалған мұралардың құнды екенін біліп, сіздермен хабарластым. Өйткені мен де мәңгілік емеспін ғой, – депті қазақстандықтарды шығарып салып тұрып.
Анасының қолынан шыққан әр туындыға ұқыпты қарап келген Гелия ханым Сараның 12 суретімен бірге Шәкәрім мен Шоқанның шағын бюсін де табыс етіпті. Алматы облыстық қоғамдық келісім кеңесі өкілдері кезінде Сара Тастанбекқызының мүсінін дайындау, бейнесін қалыптау төңірегіндегі жұмысқа белсене араласқан Ващенконың мұрағатынан ақынға қатысты бірқатар материалдар, суретшінің осы төңіректе жазысқан хаттары мен жазбалары да табылғанын айтады. Табылған материалдар алдағы уақытта жан-жақты зерттеліп, ақын өмірін толықтыра түсетін бірқатар материалдар жарияланатын болады.
Ақынның суреттерін әкелу үшін арнайы жолға шыққан «Нақ-Бірлік» қоғамдық ұйымының төрайымы, Алматы облыстық Аналар алқасының мүшесі Салтанат Меңлібаева «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ақын туған жер мен айтысқан жерлер терең зерттеліп, әлгі бір тұрлаусыз дауға нүкте қойылар дегенге үміт артады. Заманында ақын Сараның, Ілияс Жансүгіровтің, Ғани Мұратбаевтың мүсінін жасаған мүсіншінің қолында ұзақ жылдар бойы сақталған суреттердің құны күн өткен сайын арта түсері анық. Суреттер жайлы осы бір аздаған естеліктердің өзі жып-жылы естіледі. Суретшінің қызымен осы уаққа дейін хат алысып, Ресейдегі Қазақстан елшілігі арқылы осы кездесуді ұйымдастырған Салтанат ханымның еңбегінің зор екенін де айта кету керек.
Алмас НҮСІП,
«Егемен Қазақстан»
Алматы облысы
Елордада Сығанақ көшесіндегі учаске жабылды
Елорда • Бүгін, 21:06
Тексеру жүргізуге мораторий енгізу туралы Жарлыққа толықтыру енгізілді
Президент • Бүгін, 20:36
Қытай Тайвань маңындағы әскери жаттығуларын аяқтады
Әлем • Бүгін, 20:30
Елордалық ҚХА өкілдер киелі орындарды аралады
Елорда • Бүгін, 20:00
Париж әуежайында оқ атылды – БАҚ
Әлем • Бүгін, 19:30
Елордада жаңа оқу жылында 11 мектеп ашылады
Елорда • Бүгін, 19:01
Қостанай облысында жоғалған 5 жасар қыздың денесі табылды
Оқиға • Бүгін, 18:25
Бағдат Мусин «Байқоңыр» кешенінде туризмді дамытуды ұсынды
Қазақстан • Бүгін, 18:20
Сырдария өзенінің сағасы қалпына келтіріледі
Экология • Бүгін, 17:51
Жарты жылда Қазақстаннан 12 мыңнан астам адам көшіп кетті
Қоғам • Бүгін, 17:41
Жапония үкіметі отставкаға кетті
Әлем • Бүгін, 17:36
Елордада зиялы қауым өкілдері Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Абай • Бүгін, 17:28
Мемлекет басшысы ANTIKOR төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 17:20
Елордада ерекше баласы бар отбасыларға арналған орталық ашылды
Елорда • Бүгін, 17:13
Өскемен турнирінде қазақстандық теннисшілер өзара кездеседі
Теннис • Бүгін, 17:03
Елорда көшелерін тағы да су басты
Оқиға • Бүгін, 16:50
Қазақстандықтар 236 мың адамға көбейді
Қазақстан • Бүгін, 16:42
Еліміздегі алтын-валюта активтерінің көлемі артты
Экономика • Бүгін, 16:30
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 16:27
Елордада қаржы пирамидасын ұйымдастырған күдікті қамалды
Қоғам • Бүгін, 16:17
Білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды
Білім • Бүгін, 16:05
Қаржы • Бүгін, 15:58
Ұлттық банк теңге бағамына қандай факторлар әсер еткенін түсіндірді
Экономика • Бүгін, 15:42
СҚО-да 600-ге жуық ұстаз жетіспейді
Қоғам • Бүгін, 15:33
Бүгін футболдан UEFA Суперкубогы өтеді
Футбол • Бүгін, 15:27
Әзербайжанда «Қазақ прозасы» антологиясы жарық көрді
Әдебиет • Бүгін, 15:18
Майамиден Ыстанбұлға бағытталған ұшақта жолаушы қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 15:07
Мемлекет басшысы Мәдениет және спорт министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 14:59
Мәулен Әшімбаев: Абайдың тағылымы мол мұрасы қашанда қымбат қазына
Руханият • Бүгін, 14:50
Алматы тауларында адасқан шетел азаматы табылды
Аймақтар • Бүгін, 14:43
БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Қазақстанға ресми сапармен келеді
Қазақстан • Бүгін, 14:33
Қазақстан-Эстония әйелдер құрамасының матчы Қарағандыда өтеді
Спорт • Бүгін, 14:25
Қостанайда жоғалған 5 жасар қыз әлі іздестіріліп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 14:16
Тамызда өтетін Ұлттық біріңғай тестілеу басталды
Білім • Бүгін, 14:06
Ұзынағаштағы атысқа қатысты күдіктілерге іздеу жарияланды
Оқиға • Бүгін, 13:38
Абай • Бүгін, 13:10
Алматы облысындағы сарбаз өлімі: оқиға орнынан суреттер жарияланды
Оқиға • Бүгін, 12:52
Заңгер Бұрхан Жансейітов уақытша ұстау изоляторына қамалды
Қоғам • Бүгін, 12:43
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 12:30
Беларусьта коронавирустың жаңа штамы анықталды
Коронавирус • Бүгін, 12:22
Ұқсас жаңалықтар