Қазақстан • 29 Қараша, 2017

Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы таныстырылды

4783 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының таныстырылымы өтті. 

Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы таныстырылды

«Жасылдандыру» бастамашылары еліміздегі барлық экологиялық ұйымдардың басын біріктіріп, қоршаған ортаның ахуалы жайында қазақстандықтарға ақпарат беріп, экологиялық білімді арттыруды бірлесіп қолға алатындығы айтылды.

Қауымдастық Президиумына Әлия Назарбаева жетекшілік етеді. Қауымдастықтың қамқоршылық кеңесіне  «жасыл экономкика» бойынша Нобель сыйлығының лауреаты, жасылдану концепциясының авторы  Рае Квон Чунг еніп отыр. Призидиумның мүшесі Салтанат Рахымбекова Экологиялық ұйымдар Қауымдастығының алдына қойған мақсаттарымен таныстырып өтті.

«Біздің мақсатымыз Экологиялық бастамаларды құру және оларды ілгері бастыру алаңын құру, Халықаралық серіктестікті дамыту, инвестициялар тарту, халықаралық жобалар мен бағдарламаларға қатысу, халықаралық сарапшыларды шақыру, «Жасыл» технологияны енгізу, қалалардағы экологиялық инфрақұрылымдардың дамуы мен  инновациялардың алға басуына үлес қосу, ҚР экологиялық мәселелер бойынша заңнаманы жетілдіру» деді ол.

Рауан ҚАЙДАР,

«Егемен Қазақстан»