Парламент • 29 Қараша, 2017

Сенатор Б.Әйтімова әйел саясаткерлердің дүниежүзілік форумына қатысуда

373 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Бірғаным Әйтімова 28-30 қарашада Рейкьявикте (Исландия) өтіп жатқан Әйел саясаткерлердің дүниежүзілік форумына қатысуда, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Сенатор Б.Әйтімова әйел саясаткерлердің дүниежүзілік форумына қатысуда

Исландия Парламенті және Үкіметі ұйымдастырған форумда бүкіл дүние жүзіндегі мемлекет және үкімет басшылары, министр, парламентшілер мен қала басшылары лауазымындағы әйелдер бас қосты. Шара қазіргі кезде Литва Президенті Д.Грибаускайте төрағалық ететін Әлемдегі әйел көшбасшылар кеңесінің ынтымақтастығымен өтіп отыр.

Рейкьявиктегі саммит «Ол біздің қолымыздан келеді!» ұранымен өтуде. Шара жаһандық қатерлерді талқылауға, тәжірибе алмасуға, қазіргі замандағы қабылданатын шешімдерде әйелдердің ықпалы мен келешегі көрініс табатын саяси үнқатысуларға қатысуға мүмкіндік береді.