Қазақстандық делегацияны Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев, ал Перудің делегациясын Сыртқы істер министрінің орынбасары Нестор Пополизио басқарды.
Консультация барысында сауда экономикалық әріптестікті нығайтып, мәдени гуманитарлық байланыстарды дамытуға қадамдар жасау үшін екіжақты саяси диалогты одан әрі жандандыра түсуге ниеттес екендіктерін білдірді.
Екі жақ халықаралық мәселелер бойынша позицияларымен алмасып қана қоймай, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің күн тәртібіндегі өзекті мәселелері талқыланды.
Қазақстандық дипломат Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Перудің Сыртқы істер министрлігінің басшысына келесі жылдың қаңтар айында өтетін Орталық Азия мен Ауғанстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің министрлік пікірталасына жеке шақыруын табыс етті.
Е. Ашықбаев, Қазақстан Перумен тығыз ынтымақтастықта болуға, сондай-ақ Кеңестегі органға бірлескен мүшелік кезеңінде, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша жұмыс істеуге дайын екенін айтты.
Келіссөздер қорытындысы бойынша, екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының өкілдері меморандумға қол қойды.
Е. Ашықбав Оңтүстік Америка еліне сапарының соңында Перу – PROMPERU Экспорт және туризмді дамыту агенттігінің директорымен кездесіп, екі ел арасындағы іскерлік байланыстарды кеңейту және екі жақты сауда-саттықты әртараптандыру мақсатында Қазақстанның басым экспорттық өнімдерінің тізімін берді.