Тұтас бір жылға жуық уақытқа созылған айшықты акция кезінде қайырымдылық шаралары қоса атқарылды. Бұл күндер ауыл мен қала тұрғындарының арасын, әрі олардың өзара байланыстары мен қарым-қатынастарын одан әрі жақындастыра түсуімен де ерекшелене алады.
«Ел іші – өнер кеніші» демей ме, осы қанатты сөздердің шындықпен астасып жатқаны ел ішіндегі дарындардың өңір орталығында әуелете салған әндері мен күмбірлете тартқан күйлері және мың бұралған билері арқылы келісті көрінісін тапты. Несін айтасыз, көрген де арманда, көрмеген де арманда деген кемел кезең болды мұның өзі. Мүмкіндіктер мен жетістіктер сараланған сәтте Қобда ауданының мерейі үстем түсті. Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев «Туған жерім – нұрлы елім» акциясының қорытындысына сәйкес оларға бас жүлдені және 10 миллион теңгенің сертификатын табыс етті.
Темір Құсайын,
«Егемен Қазақстан»
АҚТӨБЕ