Жарысқа әуесқой футболшылардан құралған 10 команда қатысуда. 2 желтоқсан күні жалауын көтерген доп додасы келесі жылдың наурыз айында мәресіне жетеді.
Турнирді ұйымдастырушы – аудандық «Жұлдыз» газетінің бас редакторы Дархан Бердібек, бас демеуші – батырдың ұрпағы Сұңғат Талапшинов.
Павлодар қаласында тұратын бахадүр ұрпағы даңқты бабасының жүлдесіне арналған жарыстың ақтық сынында ауданға арнайы келіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттайтын болады.
Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»
Шығыс Қазақстан облысы,
Көкпекті ауданы