Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2017

Арқалық қаласында жаңа балабақша ашылды

1439 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Арқалық қаласында мемлекет пен жеке кәсіпкерлік әріптестігінің  аясында «Ай Али» жаңа балабақшасы ашылды.

Арқалық қаласында жаңа балабақша ашылды

«Мәжитова» жеке кәсіпкерлік кәсіпорны Арқалық қаласынан бір коттедж сатып алып, оны балабақшаға арнап, қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізді. 50 орындық балабақшада асхана, ойын, жатын бөлмелері, дене шынықтыру залы, тағы басқа қажеттің барлығы бар. Бала бақша қаладағы бүлдіршіндер кезегін азайтуға және мектепке дейінгі білім беру ісін, тәрбие жұмысын дамытуға мүмкіндік береді.

«Ғимаратты сатып алуға, оны жөндеу, айналасын көгалдандыру және балалардың жазғы ойын алаңын жасау жұмыстарына 30 миллион теңге қаржы жұмсалды. Қазір балабақшада 25 бала бар, қалған бүлдіршіндер медициналық тексеруден өтіп жатыр, елу бала болады» дейді балабақша меңгерушісі Әсем Мәжитова.

Мұнда 15 адамға жұмыс беріп отыр. Ал әр бала үшін ата-ана 11,5 мың теңге төлейді, қалған 25 мың теңгені қала бюджеті өзіне алды.

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,
«Егемен Қазақстан»