Өңірлік деңгейдегі сайысқа 18 команда, 300-ге жуық жас бишілер қатысты. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Аталмыш спорттық іс-шараның мақсаты осы жылдың ең үздік жұбын анықтау болды. Балалар-жасөспірімдер фестивалінде жарыс қожайындары өскемендіктер, Семей, Риддер қалаларынан және түрлі би үйірмелерінен балғын бишілер бақ сынасты. Спорттық би бәсекесінің шымылдығын 2010-2011 жылы туған балалар ашып, сайысты жасөспірім жұптар тәмәмдады. Жүлделі орындардан көрінген спортшылар алдағы уақытта Өскемендегі республикалық жарыста және шет елде өтетін халықаралық турнирге қатысатын болады. Сайыс бойынша үздіктердің көрсеткен нәтижесі төмендегідей.
Жекелей өнер көрсеткен жасөспірім қыздар арасында «Ча ча ча» биінен қорытынды:
1 орын - И.Журавлева
2 орын - Д. Магалий
3 орын - Е. Ильина
Жұптар арасында «Ча ча ча» биінен қорытынды:
1 орын - А.Шайкенов, Н.Бату
2 орын - Е.Коротков, Ю.Афонина
3 орын - Д.Тұрсынғазы, А.Володько
«Е» бағдарламасы бойынша жұптар арасындағы би қорытындысы:
1 орын - И.Муратов, А.Мухтархан
2 орын - А.Шайкенов, Н.Бату
3 орын - Д.Жуков, А.Вяткина
«Д» бағдаламасы бойынша жұптар арасында би қорытындысы:
1 орын - Э.Дятлов, К.Вяткина
2 орын - Р.Вотинов, К.Переверина
3 орын - Н.Болатұлы, Е.Кизнер.
Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»
ӨСКЕМЕН