Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев Алматыға жұмыс сапары барысында қала әкімі Бауыржан Байбекпен бірге жобаның жүзеге асу барысымен танысты.
Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің төрағасы Бағдат Мусин Фейсбуктегі парақшасында жазды.
Қалалық ІІД өкілдері лауазымды тұлғаларға Е-айыппұл жүйесінің қалай жұмыс жасайтынын көрсетті.
Кездесу барысында қала әкімі Бауыржан Байбек қаладағы әр жол полициясы қызметкеріне планшетпен қамтамасыз ету үшін бюджет қарастыру керектігін айтты.
«Осының арқасында Алматы Қазақстан тарихында жүргізушілері құжатсыз жүретін тұңғыш қала болмақ. Асқар Жұмағалиев Алматы ішінде техпаспорт, сақтандыру полисі, техникалық бақылау құжатын көтеріп жүру қажеттілігін жойылатынын мәлімдеді. Жүргізуші құжатына келсек, халықаралық құжаттарға байланысты аздаған проблема болып тұр. Бірақ оның да шешімі табылары сөзсіз», - деді ол.
Айта кету керек, 2017 жылдың шілдесінен бастап Астанада Е-айыппұл электронды хаттама жүйесі енгізілді.