Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2017

Павлодардағы музейге Қимақ жауынгері орналасқан

1180 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Облыс орталығында Г. Потанин атындағы тарихи-өлкетану музей қоры жыл сайын көбеюуде. Сирек жәдігердің бірі – қимақ жауынгері. Археологиялық экспедиция барысында Май ауданы Қызыл еңбек ауылынан табылған.

Павлодардағы музейге Қимақ жауынгері орналасқан

Қазір IX-XI ғасырлардағы Қимақ жауынгерінің сауыт-сайманы қалпына келтірілген. Қазба жұмысы барысында жауынгердің сауытымен бірге дулығасының бөлшектері, кіреукенің қалдығы, семсерлер табылды. Сауытының салмағы - 40 келі. Бірнеше жыл бойы батырдың сауытын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізілді. Түпнұсқасы музей қорында. Батыр сауытының табылғаны орны Қимақ мемлекетінің орталығы Ертіс өзені бойында орналасқанын айғақтайды. Музей қорында 112270 мыңнан астам жәдігер бар. Жалпы музей ғимараты 1899 жылы салынған. Музейдің әкімшілік, ішкі бөлімдер ғимараттың екінші қабатында бұрынғы пошта-телеграф конторасында орналасқан. Қаланың ескі аумағында әр жылдары палуан Қажымұқан, ақын Иса, Жұмат Шанин, әнші Майра болған.

Сонау 1920 жылдары Кеңес өкіметі Қырғыз өлкесін зерттеу қоғамын ұйымдастырады. 1936 жылы Омбы орыс географиялық қоғамы Ертіс өзені жағалауында орналасқан өңірлерде зерттеу жүргізе бастайды. Павлодарда да географиялық қоғам құрылып, сол кездері осы бөлімшенің жұмысын фотосуретші, ғалым Дмитрий Багаев басқарады.

Ғимаратқа 2011 жылы күрделі жөндеу жасалды. Жаңа залдар ашылды. Тарих пен археология, палеонтология мен табиғат тақырыбында мәлімет беретін ақпараттық тақталар орнатылды. Шетелдіктерді де қарсы алып қызмет көрсету үшін 7 тілде аудиогидтар бар. Виртуалды сайты да бар.

Биыл «Рухани жаңғыру» мақаласына орай арнайы экспозициялар ашылды. Туған жердің тарихына арналған археологиялық, этнографиялық экспедициялар басталды. Ол «Туған жер», «Киелі орындар» жобалары бойынша ғылыми-зерттеу бағыттарын, өлкетанулық сабақтар, тарихи орындар бойынша экскурсиялар жоспарланды. Өңірдің «Киелі орындар» картасына археологиялық, палеонтологиялық, табиғат ескерткіштер, тарихи оқиғалардың орындарға байланысты 78 нысан белгіленді

Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»

Павлодар