09 Қараша, 2011

Қазақстан-АҚШ: әріптестік әлеуеті

281 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Кеше Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов АҚШ-тың еліміздегі Төтенше және өкілетті елшісі Кеннет Фэйрфаксты қабылдады. Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастағы ын­тымақтастық пен әріптестіктің үдемелі дамуы, сондай-ақ 2010 жылдың сәуір айында Қазақстан мен АҚШ президенттері Нұр­сұл­тан Назарбаев пен Барак Обаманың өзара кездесуінде қол жеткізілген келісімдер, сол ке­лі­сімдердің табысты жүзеге асы­рылуы барысы жайын тал­қы­ла­ды. Тараптар халықаралық қауіп­сіздікті қамтамасыз етуге, энер­гетикалық және азық-түлік сала­сындағы өзара байланысты ны­ғайтуға ниет білдірді. Қазақстанның Ауғанстанды тұ­рақтандыру жөніндегі күш-жі­геріне алғысын білдіре келіп, аме­рикалық тарап еліміздің Ау­ған­стандағы жағдайды ретке келтіру жөніндегі бастамаларына лай­ықты қолдау көрсетіп отыр­ған­дығына тоқталды. Ауған студенттеріне арналған білім беру бағдарламасы мен Астананың осы бағыттағы басқа да қадам­дарын жоғары бағалады. Болашақта Ауғанстанның Ор­та­лық және Оңтүстік Азия елдерімен тығыз экономикалық ын­ты­мақтастықты орнату негізінде осы елді әлеуметтік-экономи­ка­лық тұрғыда оңалтудағы ынты­мақтастыққа серпін берілетіндігі де назардан тыс қалмады. Осы орайда Қазақстанның Еуразия­да­ғы экономикалық және көліктік интеграциялау жөніндегі баста­ма­­ларының маңыздылығы ай­тыл­ды. Кездесу кезінде АҚШ елшісі Қазақстан сыртқы саясат ведом­ствосының басшысын өзінің Қа­зақстандағы миссиясы жөнінде хабардар етті. Кездесуден кейін К.Фейрфакс БАҚ өкілдеріне сұх­бат берді. Өз сөзінде: «Кез­десудің ұзаққа созылғанына қа­рап, Қазақстан-АҚШ ынты­мақтастығының маңызды екендігін көруге болады. 20 жыл ішінде екі мемлекет арасындағы әріп­тес­тік түрлі салада жанданды. Бүгін біздер ядролық қаруды таратпаудан бастап, Еуропа мен Азиядағы қауіпсіздік сынды бірқатар мәселелерді талқы­ла­дық. Меніңше, алда біздерді өте жақсы жұмыстар күтіп тұр»,  деді К.Фейрфакс. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ.