Қазақстан • 08 Желтоқсан, 2017

Сенсация! «Астана» чехиялық «Славияны» жеңіп, плэй-оффқа шықты

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футбол тарихында тұңғыш рет қазақстандық клуб еурокубоктық жарыстардың көктемгі кезеңіне өтті.

Сенсация! «Астана» чехиялық «Славияны» жеңіп, плэй-оффқа шықты

Сурет: Footboom.kz

Еуропа Лигасы топтық кезеңінің шешуі раундында елордалық клуб сырт алаңда Чехияның «Славия» клубын 1:0 есебімен жеңіп тұңғыш рет турнирдің 1/16 финалына шықты. Ойынның 38 минутында Марин Аничич гол соғып, «Астананы» алға шығарды. Қуанышымызға орай, бұл – ойындағы жалғыз гол еді. Алаң иелері үлкен күшпен шабуылдаса да, «Астана» қақпасының кілтін таба алмады. Осылайша, "Астана" 10 ұпаймен "А" тобында Вильярреалдан кейінгі екінші орынды иеленді. 

Осыған дейін ешқандай қазақстандық клуб топтық кезеңнен өте алмаған. «Астананың» бұл жеңісі осы себепті Қазақстан футболының тарихында алтын әріппен жазылады.

1/16 финалдағы өз қарсыласын "Астана" 11 желтоқсан күні білетін болады. Жеребе Ньюонда Астана уақытымен 18:00 өтеді. 1/16 финал ойындарының көпшілігі 15 және 22 ақпан күндері өтпек, алайда нақты күнтізбені УЕФА жақын арада бекітпек.